Мұнай химиясы және табиғи тұздар институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұнай химиясы және табиғи тұздар институты – ғылыми-зерттеу мекемесі. Институт 1960 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының мұнай институтын екі жеке ғылыми бағыттағы институтқа – геология және геофизика институты (қазіргі Қазақ мұнай геология барлау ғылыми-зерттеу институты) мен мұнай химиясы және табиғи тұздар институтына бөлу нәтижесінде Атырау қаласында құрылған. Институттың құрамында химия және мұнай өндеу, мұнайдың физикалық қасиеттерін зерттеу, мұнай-химия синтезі, химиялық-аналитика, мұнайдың гетероорганикалық қосылыстары, мұнайдың дисперстік жүйелерінің коагуляциясы, жоғары молекулалы жүйелер, бейорганикалық тұздар және тыңайтқыштар химиясы, табиғи тұздар геохимиясы, мұнай-битумды жыныстардың химиясы мен технологиясы және тұтқырлығы жоғары мұнайды зерттеу лабораториялары (екеуі де 1984 жылдан Алматыда), бірнеше, қызмет көрсетуші көмекші бөлімшелері бар.<ref name="Source 1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары

  • мұнай химиясы және минералды шикізаттарды пайдалану мәселелері;
  • мұнай өнімдері мен органикалық қосылыстар негізінде мұнайдың құрамы мен құрылымын анықтау.

Институт орындаған маңызды зерттеулер бойынша жаңа мұнай кен орындарындағы (Бозащы, Қарашығанақ, Жаңажол, Кеңқияқ) мұнайдың құрамы мен қасиеттерін зерттеу негізінде оларды өңдеудің ұтымды жолдары анықталды; дисперстік өткізгіштіктің жаңа құбылысы табылды; көмірсутекті сұйықтықтардың тұтқырлығы мен тығыздығы арасындағы корреляциялық тәуелділік анықталды; палеозой және мезозойдың өнікті кешендері бойынша Каспий маңы мұнайы сапасының болжамдық картасы жасалды; автомобиль жолдарының құрылысында пайдаланылатын жаңа битумдық-минералдық қоспалар өңделіп жасалды; мұнай-битумгенез жыныстарынан көмірсутек шикізатын бөліп алу әдісі және мұнай эмульгаторларын бөлудің бірыңғай әдісі, т.б. ашылып өндіріске енгізілді.

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

Сала тарихы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мұнай химиясы және табиғи тұздар институты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}