Мұнайдың газдан арылуы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұнайдың газдан арылуы. Қойнауқатта немесе зертханалық жағдайда қойнауқаттық қысымның қанығу қысымына дейін азаюы салдарынан қойнауқаттық мұнай құрамынан газ құрамбөліктерінің бөлінуі. Бұл процесс сол газдардың еру ретіне қарама-қарсы ретпен жүзеге асады, яғни газдардың бөліну реті төмендегідей: азот; метан; этан; пропан; бута; пентан т.с.с. Жатынды игеру барысында жіктелген газдардан және жапсарлы газдардан арылу процестері бір-бірімен орайлас жүреді. Синонимі — "мұнайдың газсыздануы".<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}