Мұнайгазды кешен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Foto1.jpg
ҚазМұнайГаз

Аймақтық, сирегірек Субжаһандық мұнай-газ алабының (мұнайгазды алаптың) қомақты бөлігін қамтитын, гидродинамикалық тұрғыдан біршама дербестелген және мұнай мен газ кенорындарын қалыптастыру жағдайының ортақтығымен сипатталатын шөгінді таужыныстардың біршама қалың қабаты. Мұнайгазды кешен көмірсутектер жатынын кіріктіретін өтімді таужыныстардан және оларды жоғарғы жағынан қалқалай отырып, кешен дербестігін қамтамасыз ететін аймақтық жапқыштан тұрады. Мұнайгазды кешеннің төменгі жапсары оны өзінен төменірек орналасұан екінші мұнайгазды кешенінен шектейтін аймақтын жапқышқа (аралық кешенге), немесе өтімділігі өте төмен коисталдық іргетас таужыныстарына сәйкес келуі ықтимал. Мұнайгазды кешендердің көлбеу бағытта дербестелу дәрежесі әлдеқайда төмен; тек кана аймақтық жапқыш сақтала отырып, өтімді қабаттардың сүйірлене тамамдалу процесі жүзеге асқанда ғана мұнайгазды кешеннің гидродинамикалық дербестігі жүзеге асуы мүмкін. Мұнайгазды кешендегі мұнай мен газ жатындары қалыптасуының ортақтығы сол кешенге тиесілі бүкіл өтімді қабаттардың гидродинамикалық тұрғыдан бір-бірімен байланысты болуымен және көмірсутектердің жалғыз-ақ ортадан туындауымен қамтамасыз етіледі. Мұнайгазды кешеннің өтімді бөлігі құрамында жынауыштармен қатар нашар өткізетін таужыныстар да болады, олар субаймақтық, белдемдік және жергілікті жапқыштар рөлін атқарады. Көмірсутектер жатынының өтімді таужыныстар қимасында және олардың бүкіл ауқымында орналасу ерекшелігі мұнайгазды кешеннің тектоникалық құрылымымен анықталады. Бұл ерекшелік субаймақтық, жергілікті, т.б. жапқыштардың таралуымен және олардың құрам және құрылыс ерекшеліктерімен, сол сияқты таужыныстардың өзгерістері сипатымен анықталуы да мүмкін. Таужыныстардың заңды түрде тығыздала түсуі және олардың жарықшақтану дәрежесінің артуы жапқыштардың мұнай немесе газ жатынын қалқалау мүмкіндігінің нашарлай түсуіне, сөйтіп жинауыш-таужыныстар сиымдылығының тиімділігі төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мұның өзі мұнайгазды кешенге тиесілі өтімді таужыныстар қимасындағы көмірсутектердің орналасу ерекшеліктеріне айтарлықтай өзгерістер енгізілуіне немесе аталған көмірсутектердің бір кешеннен екінші кешенге ағып кетуіне әкеліп соқтырады. Мұнай мен газ нақтылы мұнайгазды кешеннің өз өңірінде туындауы мүмкін, немесе көмірсутектер бүл кешенге өзге өңірлерден ағып келуі ықтимал. Осыған байланысты мұнайгазды кешендер екі түрге жіктеледі, олар - әуелден-ақ мұнайгазды кешендер(кейде бұларды мұнай-газ тудырушы немесе мұнаймен-газбен қоректендіруші кешен деп атайды) және туынды мұнайгазды кешендер (немесе қабылдаушы кешендер) деп аталады. Әуелден-ақ мұнайгазды кешендер құрамында мұнай мен газды алғаш қалыптастыруға қабілетті свиталармен қатар жақсы жетілген жинауыш-таужыныстар да кең көлемде көрініс беруі тиіс, тек сонда ғана мұндай кешен мұнай мен газдың өндірістік жатындарын кіріктіре алады. Туынды мұнайгазды кешендер құрамындағы мұнай немесе газ қалыптастыруға қабілетті свиталардың өнімділігі өте нашар больш келеді, немесе олар бүл кешен құрамында мүлдем болмайды. Мұндай мұнайгазды кешендерге таужыныстардың жинауыштық және қалқалаушы қабілеттері өте жоғары болуы және тұтқыштар көлемінің өте мол болуы тән; бұлардың мұнай және газ жатындарын кіріктіру мүмкіндігі төменірек орналасқан мұнайгазды кешеннің аймақтық жапқышының қалқалау мүмкіндігіне тікелей байланысты. Әлемдік мұнайгазды алаптардың көпшілігінде нақтылы аумақтың ең қимасы ауқымында екі-ақ мұнайгазды кешен ұшырасады, оның астыңғысы — әуелден-ақ мұнайгазды кешен, ал үстіңгісі - туынды мұнайгазды кешен. Бір ғана аумақта үш-төрт мұнайгазды кешендерді ұшырату өте сирек құбылыс. Ал мұндай жағдай бола қалғанда, ең төмен орналасқан мұнайгазды кешен жоғары орналасқан кешендерге қарағанда мұнай мен газға әлдеқайда жұтаң болып келеді, себебі терендіктердегі таужыныстардың тығыздығы біршама жоғары болатындығы белгілі. Ең жоғарғы мұнайгазды кешеннің үстіңгі жерінде, яғни үстіңгі аймақтық жапқыштан жоғары "аконсервациялық белдем" орналасады, бұл белдем көмірсутектердің өндірістік қорларын кіріктірмейді. Мұнай мен газ жатыңдарының орналасу ерекшеліктері жайлы деректерді саралау нәтижелері көрсеткеніндей, әлемдегі шөгінді алаптарға қарасты мейілінше толық шамамен сипатталатын аумақтардағы мұнайгазды кешен қалыңдығы әдетте 2 км-ден толығырақ, 4 км-ден аздау болып келеді.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}