Аймақтық жапқыш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аймақтық жапқыш Мұнайлы кешенді оның бүкіл ауқымында қалқалайтын нашар өткізетін галогендік немесе сазды таужыныстардың свитасы немесе бірнеше свиталар жиынтығы, сирегірек сериясы. Ең тамаша Аймақтық жапқыш рөлін мейілінше аққыш, сондықтан да ауқымды аудандарды жаппай көмкеруге қабілетті галогендік таужыныстар (мәселен, галитит) атқара алады. Мұндай жапқыштардың тағы бір тиімділігі - олар көмірсутек жатындарының шашырай құрдымдалуы на кедергі жасап қана қоймай, өздерін төсеген қабаттарға жинақталған кеуектік сулардың да өзге өңірлерге ағып кетуін қиындатады, сөйтіп аталған қабаттардың тығыздық көрсеткіші төмен дәрежеде қалуын қамтамасыз етеді. Мұның өзі, өз кезегінде, сазды немесе өзге таужыныстардан тұратын Аймақтық жапқышқа қарағанда төмен дәрежелі жапқыштардың (субаймақтық, белдемдік және жергілікті жапқыштардың) аққыштық қабілетін жоғалтпауына, сөйтіп мұнайлы кешеннің ішінде орналасқан жынауыштардың өтімділік қасиетін сақтауына мүмкіндік туғызады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}