Мүңкір-Нәңкір

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мүңкір-Нәңкір – діни ұғымда адам өлген соң қабірде сұрақ-жауап алатын екі періштенің аты. Исламдық түсінікте Аллаға шынайы сенім білдірген жаны таза, рухы биік мұсылмандарды саралап, дінсіздер мен күнәға батқандарды қабірде жазалайды. Бұл олардың жаһаннамда тартатын жазасының алды саналады. Мүңкір-Нәңкір Құран Кәрімде арнайы аталмағанымен, кей аяттар олардың есімдерімен байланыстырылады. Мыс., “Періштелер, олардың беттеріне, арқаларына ұрып, жандарын алғанда қалай болар еді?! (Мұхаммед сүре/27 аят). Сондай-ақ Әнфәл сүресіндегі 50 – 52 аяттар да осымен мағыналас келеді.<ref>"Қазақ энцклопедиясы - VI"</ref><ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub