Мүшелер мен мүшелер жүйесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мүшелер мен мүшелер жүйесі Ағза - біртұтас тіршілік иесі. Әр түрлі ұлпалар бірімен-бірі қосылып, мүше түзеді. Мүше дегеніміз - белгілі пішіні, құрылысы, орны бар бір немесе бірнеше қызмет атқаратын дене бөлігі. Ағзаның ішкі қуыстарында (мысалы, кеуде, құрсақ, жамбас) орналасқан мүшелерді - ішкі мүшелер деп атайды. Әрбір мүшеде барлық ұлпалар кездеседі, бірақ олардың біреуі ғана басым болады. Мысалы, дәнекер ұлпасы ағзаның ішкі ортасын, эпителий ұлпасы — асқорыту, тынысалу мүшелерінің сілемейлі қабықшасын түзеді. Бұлшықет ұлпасы - өңеш, ішектер, қуықтың қабырғаларын құрайды. Жүйке ұлпасы - ми мен жұлынды және жүйкелер мен жүйке түйіндерін түзеді.

Мүшелердің пішіндері, мөлшері және орналасу орны жағынан бірінен-бірінің айырмашылығы бар. Шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас мүшелерді мүшелер жуйесі дейді.

Адам денесіндегі атқаратын қызметі біріне-бірі байланысты мүшелер бірігіп мүшелер жүйесін түзеді. Мысалы, тірек-қимыл, зәр-жыныстық, эндокриндік мүшелер жүйесі бар.

Адам агзасында (денесінде) болатын мүшелер жүйесі: 1. Эндокриндік жуйе - арнайы заттардың (гормондар) көмегімен ағзадағы барлық үдерістерді реттейді. Мүшелер қызметінің гормондар аркылы реттелуін гуморальдық реттелу дейді.

2. Жүйке жуйесі - барлык мүшелер мен мүшелер жүйесін біртұтас етіп біріктіріп, олардың жұмысын реттейді.

3. Сезім мушелері (сенсорлық жуйе) - сыртқы ортадан арнайы тітіркендіруді қабылдайды әрі о5ан жауап қайтарады.

4. Тірек-қимыл жуйесіне бұлшықеттер мен қаңқа жатады. Олар тіректік, қозғалыстық және қорғаныштық қызмет атқарады.

5. Журек-қантамырлар жуйесі - жүрек пен қантамырлар ағзада қанайналымды қамтамасыз етеді.

6. Тынысалу жуйесі тынысалу мүшелері (мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, ауатамыр, өкпе) қан мен қоршаған орта арасындағы ғазалмасуға қатысады.

7. Асқорыту жуйесі - ағзада тағамның ішекте қорытылуы мен сіңірілуін қамтамасыз ететін асқорыту мүшелерінің жиынтығы.

8. Зәршығару жуйесі - зат алмасудың нәтижесінде ағзада түзілген (тұз, несеп) өнімдерді ағзадан сыртқа шығарады.

9. Жыныс жүйесі - ағзаның артына ұрпақ қалдырып, тіршілігін жалғастыруды қамтамасыз етеді.

Ағзаның біртұтатығы. Адам денесіндегі мүшелер жүйесі бірлесіп, біртұтас ағза түзеді. Ағзаны құрайтың барлық мүшелер жүйесі бірімен-бірі тығыз байланысты. Әсіресе, жүйке жүйесі және эндокриндік мүшелер жүйесі бірімен-бірі үйлесімді түрде қызмет атқарады. Олар ағзаның жүйке-гуморальдық реттелу қызметін қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесі хабар береді, эндокриндік мүшелер жүйесі бөлетін гормондарды қан, басқа мүшелерге таратады. Барлық мүшелер мен мүшелер жүйелерінің жұмысы бірімен-бірі тығыз байланыста үйлесімді болғандықтан, ағза - біртутас тіршілік иесі деп аталады. <ref>Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2008. ISВN 9965-34-812-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Biosci-stub