Жамбас қуысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жамбас қуысы (тазовая полость); (cavum pelvis; лат. cavum — қуыс, pelvis — жамбас) — жамбас астауындағы қуыс.

Жамбас қуысының төбесін құйымшақ және бірінші құйрық омыртқалар, екі бүйірі мен түбін жамбас сүйектері құрайды. Аталмыш қуысты түзуге сүйектермен қатар, аталған сүйектердің бұлшықеттері мен байламдары және сыртындағы тері жабыны қатысады. Жамбас қуысында ас (азық) қорыту, зәр бөлу, жыныс мүшелерінің соңғы бөлімдері орналасады. Құрсақ қуысы мен жамбас қуысының алдыңғы бөлігінің ішкі бетін сірлі қабық - ішперде (peritoneum) астарлайды. Кұрсақ пен жамбас қуыстары қабырғаларының және ішкі астарлайтын ішперденің сыртқы бөлігін — қабырғалық немесе париетальды ішперде (peritoneum parietale), ал дене қуыстарындағы ішкі мүшелерді сыртынан қаптап жатқан оның бөлігін висцеральды ішперде (peritoneum viscerale) деп атайды. Аталған ішперде бөліктерінің аралығында саңылау тәрізді ішперде неме¬се перитонеальды сірлі қуыс (cavum peritonei), ал оның ішінде сірлі сұйық болады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}