Мырзагелді Кемел

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мырзагелді Кемел (1949 жылы 15 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы) - жазушы, қоғам қайраткері.

Өмірбаяны

1971 жылы Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтының ауыл шаруашылығын электрлендіру мамандығын, 2000 жылы М.Х.Дулати атындағы Жамбыл университетінің құқықтану факультетінің заңгер мамандығын тамамдаған.

Еңбек жолын 1971 жылы Мақтаралауданындағы «Октябрьдің 30 жылдығы» совхозында аға инженер болып бастаған. 1975 — 1992 жылдары Мақтарал ауданында партия, кеңес қызметінде болды. 1992—1994 жылдары кеңшар директоры, 1994—1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 1995 жылы Қазақстан Республикасы Минис-трлер Кабинеті жанындағы шетел инвестициясы жөніндегі комитетінің сектор меңгерушісі болып қызмет атқарған. 1995 — 2004 жылдары бірінші, екінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты.

Шығармашылығы

Руханият саласында 10 кітап шығарған, олардың ішінде өзіжазған ізгілікке, имандылыққа, білім-білікке, ақыл-парасатқа үндейтін танымдық-көсемсөздік еңбектерге қоса, қытай ақылмандары Лао Цзы мен Конфуцийді, испан пәлсапашысы Бальтасар Грасиан, ежелгі үрім және грек ақылмандарының афоризмдерін, қазіргі ілімдерді насихаттаушы Луиза Хей, бүгінгі күннің ең атақты жазушыларының бірі Пауло Коэлъолардың таңдаулы еңбектерін қазақ тілше тәржімалаған. «Дүние» және «Экология и устойчивое развитие» журналдарын шығаруға. «Абзалдық әліппесі», «Өзіме сабақ» сияқты кітаптары оқырман қауымнан жоғары бағасын алған.

Марапаттары

2004 жылы экономика ғылымдарының докторы ғылыми атағын алған. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, 14 монографияның, 100-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер