Молдахмет Сыздықұлы Кенбаев
Үлгі:Суретші Молдахмет Сыздықұлы Кенбаев (25 шілде 1925 жыл, Сартол, Қостанай уезі, Қостанай губерниясы – 18 мамыр 1993 жыл, Алматы) — алғашқы қазақ кәсіби суретшілерінің бірі, кескіндемеші, педагог, Қазақстанның халық суретшісі (1985), Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1963).
Мазмұны
Өмірбаяны
Кенбаев 1925 жылғы 25 шілдеде Қостанай уезіндегі Сартол ауылында (қазіргі Амангелді ауданы, Қостанай облысы, Қазақстан) туған.
Кенбаев 1931 жылдан 1941 жылға дейін Алматыдағы балалар үйінде тәрбиеленді. 1948 жылы ол Алматы көркемсурет училищесін, 1956 жылы Мәскеу көркемсурет институтын бітірген.
1956 жылдан 1959 жылға дейін Кенбаев — Қазақстан Көркемсурет қоры басқармасының төрағасы. 1968–1974 жылдары ол Қазақстан Суретшілер одағының кескіндеме секциясының төрағасы болды.
Шығармашылығы
Кенбаевтың шығармашылық жұмысы 1950 жылдардан басталды.
- Әліби Жангелдиннің отряды
- Шопан әні (1956)
- Әңгіме үстінде (1957) сияқты туған жер тарихынан сыр шерткен алғашқы туындыларынан-ақ суретші есімі қалың көпшілікке кең танылды.
- Киіз басу (1958)
- Сабан той
- Тұскиіз (1960) триптихы
- Қашағанды қуу (1961), т.б. еңбектері ұлттық кескіндеме өнерін дамытты.
Пейзаждық картиналары:
- Алматының төңірегі (1958)
- Суат басында
- Қыстауда (1966)
- Тау бөктерінде (1967)
- Жайлаудағы таң (1975)
- Бурят әйелі (1956)
- Суретші әйел портреті (1957)
- Мұхтар Әуезов (1977)
- әл-Фараби (1980), т.б. портреттері
Монументті өнер шығармалары
- Алматы қаласындағы «Алматы», «Қазақстан» мейманханасы
- Неке сарайы
- Донецкідегі Металлургтер сарайы
- Мәскеудегі «Қазақстан» кинотеатрының қасбеттері мен интерьерлеріне жасалған мозайкалық паннолар, т.б. ұлттық өнер тарихында қалды.
Жетістіктері
Кенбаев туындылары терең лиризм мен эпикалық кеңдіктің, монументтіліктің өзара үйлесім табуымен ерекшеленеді. Құрманғазы бейнесін шынайы жеткізгені үшін 1959 жылғы республикалық бәйгеде 1-сыйлыққа ие болды. Оның қылқаламынан туған көптеген еңбектер Мәскеудегі Третьяков галереясы мен Шығыс халықтары өнерінің мемлекеттік мұражайында, Қазақстанның Орталық көркемөнер галереясында сақтаулы.
Педагогикалық қызметі
- Алматы көркемсурет училищесі (1959–1965)
- Қазақ ұлттық техникалық университеті (1965–1979)
- 1978 жылдан профессор
- Алматы архитектуралық-құрылыс академиясы
- 1980 жылдан сурет кафедрасының меңгерушісі.
Марапаттары
Құрмет Белгісі орденімен және медальдермен марапатталған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>
Дереккөздер
Сілтемелер
- Кенбаев кеңістігі — «Егемен Қазақстан»
- Үлгі:Youtube
- Қазақстан суретшілері
- КСРО суретшілері
- Қазақстан халық суретшілері
- Тарихи жанр суретшілері
- Қазақстан суретші-пейзажистері
- Қазақстанның еңбек сіңірген суретшілері
- Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері
- Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессорлары
- Құрмет Белгісі орденінің иегерлері