Михаил Александрович Белов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Белов Михаил Александрович (4.1.1900, Ресей, Саратов облысы, Вольск ауданы, Лапастенко селосы - 17.9.1983, Мәскеу қаласы) - кескіндемеші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1947). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Қазан көркемсурет училищесін бітірген (1918). 1940 жылдан Алматыда тұрып, жұмыс істеді. 1946 - 52 ж. Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы қызметін атқарды. Белов пейзаж жанрында өнімді еңбек етті. Оның "Тау көріністері" (1941), "Барлауда", "Бақылау пункті" (1943), "Түркістан табиғат көріністері" топтамасы (1944), және "Зерттеуші геологтар" (1945), "Мақтаарал үжымшарының мақташылары" (1949), "Өскемен СЭС-і" (1957) секілді туындылары бар. Картиналары Мәскеудегі Шығыс халықтары мүражайында және Қазақстан Мемлекеттік өнер мұражайында сақтаулы. <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}