Мир Мұхаммед Амин-Бұхари

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мир Мұхаммед Амин-Бұхаритарихшы. Аштархан әулетінен шыққан хандарға қызмет етті. Тәжік тілінде ұбайдолла ханға (1702 – 11 жылдары) арнап “ұбайдолланаме” деп аталатын тарихи шығарма жазды. Шығарма 80 тараудан тұрады. Автор еңбегі ұбайдолла ханды дәріптеу, мадақтауға арналғанымен, шығармада ханның қателіктері мен әлсіз тұстары да көрсетілген. Онда мемлекеттің құлдырауына әкелген сарай жанжалдары, өзбек тайпалары мен жергілікті билеушілер арасындағы қақтығыс, сәтсіз әскери жорықтар, халық наразылығы, ханның қастандықпен өлтіріліп, жаппай тәртіпсіздіктің орын алуы жайлы да баяндалады. Шығарманың соңында автор Мауераннахрдағы кейбір ғұламалар, сопылар, шайырлар туралы мәліметтер берген. Қазақ жеріндегі жоңғар шапқыншылығы, қазақтардың Ташкентке ығысуы жайлы да деректер бар. Шығарма орыс тіліне аударылған. “ұбайдолланаменіңқолжазбалары Санкт-Петербургте, Қазанда, Ташкентте, Душанбеде сақтаулы. Оның “Мұхит әт-тауарих” атты шығармасы бар.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 6 том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мир Мұхаммед Амин-Бұхари|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}