Мингазитинов Юрий Потапович
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мингазитинов Юрий Потапович (1924-84)- киносуретші, режиссер. Кескіндеме саласында жұмыс істеген. Ол М.О.Әуөзовтың «Абай» романы бойынша иллюстрациялар сериясын (1959; қағаз, сия, қалам) жасады. Қаламушпен сызылған нәзік қара сызықтар жарасымды үйлесім тауып, композицияға ойлы да салмақты мағына берген. Ол «Абайдың портретін» (1953, ағаштағы гравюра және офорт, екеуі де Қазақстан Республикасының мемлекттік өнер музейі қорында) салды.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>
Дереккөздер
<references/>