Гравюра

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гравюра (Үлгі:Lang-fr – бедер сурет) – графика өнерінің бір түрі; тақтаға бедерлеп салған суреттің қағазға түсірілген көшірмесі. Бедерлену әдісіне қарай мысқа ойылып жасалатын гравюра, ағаштағы гравюра – ксилография, линолеумдегі гравюра – линогравюра, офорт, меццо-тинто, т.б.

Оймыш гравюра

Оймыш гравюра - гравюралау тәсілінің бір түрі. Оймыш гравюраға әдетте металл (мыс, қалайы, болат, т.б.) пластинкалар пайдаланылады. Бұл материалдарға арнаулы аспаптар арқылы бедерленген суреттердің бетіне бояу жағылады да, соның үстінен қағаз салынып, көшірме әлгі сызықтардағы бояудың қағазға сіңірілуі арқылы алынады. Оймыш гравюраның басты түрлері: бедерлі гравюра, офорт, акватина, жұмсақ лак, лавис, меццио-тинто, "құрғақ ине", "пунктирлі ырғақ", т.б. Оймыш гравюраның ағашқа бедерлеу арқылы жасалатын алғашқы нұсқалары Қытайда 6 ғасырдың аяғында, Батас Еуропада Қайта өркендеу дәуірінде, Нидерланд мен Германияда 15 ғасырда, темірге түсірілген түрлері 17 ғасырда, түрлі-түсті Оймыш гравюра 18 ғасырда (Англия, Франция), ал Қазақстанда 20 ғасырдың ортасына қарай пайда болды.

Линогравюра

Линогравюра (Үлгі:Lang-la – зығыр, кездеме және Үлгі:Lang-la – май) – линолеум немесе сол тектес материалға салынатын бедерлі өрнек, сурет.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдыктары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.</ref>

Дереккөздер

<references/> <references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}