Мерейғалы Қойшыбекұлы Көшкінов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мерейғалы Қойшыбекұлы Көшкінов (1956 жылы 14 тамызда Семей облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылында туған) - самбошы.


Әкесі - Көшкінов Қойшыбек (1921 жылы туған), ұжымшар төрағасы, ферма меңгерушісі болған. Анасы - Тоқтарова Макфаруз (1925 жылы туған), совхоздың бас есепшісі болып жұмыс істеген.


Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының дене тәрбиесі және спорт факультетін бітірген (1982), самбо күресінен жаттықтырушы.

  • 1973 жылдан - Алматы мал дәрігерлік институты спорт-клубында самбо күресінен жаттықтырушы.
  • 1974 жылдан- Кеңес Армиясы қатарында қызмет еткен (Германиядағы кеңес әскерлері тобы).
  • 1976 жылдан - Алматы мал дәрігерлік институтының спортклубында самбо күресінен жаттықтырушы.
  • 1978 жылдан - Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының студенті.
  • 1982 жылдан - Жамбыл облысы Фурманов ауданы Фурмановка селосындағы БЖСМ жаттықтырушысы.
  • 1984 жылдан - Семей облкеңесінің «Қайрат» ерікті спорт қоғамының самбо күресінен жаттықтырушы.
  • 2002 жылдан бері - «Семей қаласы бойынша №1 Шығыс Қазақстан облыстық балалар мөн жасөспірімдер спорт мектебі» MM директоры.

Жаттықтырушы болып жұмыс істей жүріп, халықаралық санаттағы 5 спорт шеберін, 27 спорт шеберін, 39 ҚР чемпионын, 7 Азия чемпионын, 2 әлем чемпионын, 7 әлем жүлдегерін тәрбиелеген.


Самбо күресінен КСРО спорт шебері (1980). «ҚР Білім беру ісінің үздігі» белгісімен (1995), ҚР Туризм және спорт министрінің алғыс хатымен марапатталған (2006). ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1996).

Үйленген. Жұбайы - Рыспекова Райхан Ниязбайқызы. ұлдары - Болат (1982 жылы туған), Абылай-Нұрым (1992 жылы туған), Қыпшақ (1994 жылы туған); қызы - Динара (1986 жылы туған).

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}