Меншікке қарсы қылмыстар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Меншікке қарсы қылмыстар туралы түсінік және оның түрлері

Біздің мемлекетімізде жеке меншік пен мемлекеттік меншік тең дәрежеде танылады және қорғалады. Жеке меншік құқығы заңмен қорғалады. Әркімнің меншігіндегі мүлікті иеленуіне, пайдалануына және оған билік етуіне құқығы бар. Ешкімді де өз мүлкінен сот шешімімен болмаса, айыруға болмайды. Меншікке қарсы қылмыстар деп иелік ету құқығын бұзумен, меншік иесіне басқа да тәсілдермен мүліктік зиян келтірумен немесе осындай зиян тигізуге қауіп-қатер жасаумен байланысты әрекетті айтады. Қолданыстағы заңдарда қарастырылған меншікке қарсы қылмыстардың түрлері әрекетті жасау ниеті мен тәсілдері арқылы ерекшеленеді. Пайдакүнемдік ниеттің бар немесе жоқтығына байланысты барлық қылмыстар пайдакүнемдік және пайдакүнемдік емес деп екіге бөлінеді. Өз кезегінде пайдакүнемдік қылмыстар екі топқа бөлінеді: бөтеннің мүлкін ұрлау және меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік қылмыстар. Ұрлықтың мынадай нысандары бар: ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық, бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету. Меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік мақсаттағы қылмыстардың тобына қорқытып алушылық, алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату, интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу, сондай-ақ автокөлікті немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау, мақсатсыз, заңсыз иелену кіреді. Пайдадакүнемдік мақсатынсыз жасалған меншікке карсы қылмыстарға мыналар жатқызылады: жерге қатысты мүліктік құқықтарды бұзу, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру.

Ұрлықтың нысандары

Қылмыстық заңнамада бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін жауапкершілік — меншікке қатысты қол сұғу қандай тәсілмен жасалатындығына байланысты белгіленеді. Мүлік жасырын немесе ашық түрде, зорлықпен немесе зорлықсыз, алдау арқылы немесе сенімге қиянат жасау және т.б. арқылы алынуы мүмкін. Қолданыстағы қылмыстық заңдарда ұрлықтың алты нысаны қарастырылған: ұрлық, тонау, қарақшылық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу не ысырап ету. Аталған әрбір ұрлық нысанына ұрлықтың бір түрін екіншісінен айырып көрсететін өз ерекшеліктері тән.

Ұрлық

Ұрлық — бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау. Айыптының бөтеннің мүлкін алған жене өз қалауы бойынша мүлікке билік етуге шынайы мүмкіндік алған сәтінен бастап бұл мүмкіндікті іске асырған, асырмағанына қарамастан ұрлық жасалған деп есептеледі. Айыпты адам жасырын түрде заңсыз және қайтарымсыз бөтеннің мүлкін алатынын біледі, өз әрекетінің нәтижесінде меншік иесіне немесе өзге иеленушіге материалдық зала келтіретінін болжайды және аталған тәсілмен осындай зиян келтіруді қалайды. Ол пайдакүнемдік мақсатты басшылыққа алады және заңсыз олжаға бату мақсатын көздейді.

Алаяқтық

Алаяқтық — бұл нарықтық экономика жағдайында және кәсіпкерлік қызмет еркіндігінде кең таралған ұрлықтың бір нысаны. Заңда ол бөтеннің мүлкін ұрлау немесе алдау не сенімге қиянат жасау арқылы мүліктік құқық алу ретінде белгіленген. Алаяқтық көрсетілген екі тәсілдің біреуімен: алдау немесе сенімге қиянат жасау аркылы бөтеннің мүлкін ұрлаудан немесе бөтеннің мүліктік құкығын алудан тұрады

Алдау — бұл жаңылыстыру, жалған мәліметтер тарату, контрагентке жеткізуі тиіс болған мәліметтерді айтпау. Алдау ауызша, жазбаша не басқа нысанда көрінуі мүмкін. Сенімге қиянат жасау, әдетте, қылмыскер мен меншік иесінің немесе мүліктің заңды иесінің арасында пайда болатын ерекше сенімгерлік қатынастарды мүлікті алып алуға пайдаланудан көрінеді. Бұл қылмыстар айыптының иелігіне мүліктің нақты заңсыз өткен сәтінен және өз қалауы бойынша оны пайдалану немесе билік ету мүмкіндігін алғаннан, сондай-ақ айыптыға жәбірленушінің мүліктік құқығының заңсыз өткен сәтінен бастап аяқталған деп есептеледі. Айыпты бөтеннің мүлкін алатынын немесе алдау не сенімге қиянат жасау арқылы алатынын және меншік иесіне мүліктік зиян келтірілетінін біледі және зиян келтіруді қалайды. Ол пайдакүнемдік мақсатты жетекшілікке алады және бөтеннің мүлкінің есебінен заңсыз олжа табу мақсатын көздейді.

Тонау

Тонау — бұл бөтеннің мүлкін ашық ұрлау. Бұл ұрлық пен алаяқтық қылмыстарына қарағанда ұрлықтың аса қауіпті түрі.Тонау бөтеннің мүлкін ашық түрде күш қолданып иеленуден тұратын белсенді әрекетпен сипатталады. Мүлікті ашық түрде ұрлау туралы мәселе, ұрлықтағы сияқты субъективтік критерий негізінде шешіледі, яғни июлінің өзінің жағдайды субъективтік қабылдауынан келіп шығады. Егер кінәлі адам қылмысты жәбірленушінің немесе басқа адамның көзінше жасап жатқанын және олардың өз әрекетін түсініп тұрғанын білгенін сезінсе ұрлық ашық (тонау) жасалған болып табылады. Ұрлықты ашық түрде ұрлау деп тану үшін, біріншіден, меншік иесі, өзге иеленушісі немесе басқа адам айыптының құқыққа қайшы әрекетін бақылап, оның қылмыстық сипатын түсінуі керек екіниііден, айыпты осы мән-жайды елемеуі қажет.

Қарақшылық

Қарақшылық — ұрлықтың ең қауіпті нысаны. Ол бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе осындай күшті қолданамын деп қорқытумен шабуыл жасау ретінде белгіленеді. Қарақшылықтың қауіптілігі меншікке қол сұғудан емес, шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей күш қолданамын деп қорқытумен мен ұштасатын шабуыл жасауда болып отыр. Қарақшылықтың тікелей объектісі: бірінішіден, меншіктік нақты нысаны, екіншіден, шабуыл жасалатын адамның өмірі мен денсаулығы. Қарақшылық жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе осындай күш қолданамын не қорқытумен жасалатын шабуыл.

Шабуыл жасау деп меншік иесіне, мүліктің өзге иеленушісіне басқа адамға, мысалы, күзетшіге ашық не жасырын түрде, күтпеген жерден шабуыл жасап, күш көрсету арқылы әсер етуді айтады. Шабуыл бүркемеленген сипатта болуы мүмкін (арттан жасырынып келіп ұру), сондай-ақ жәбірленушінің нерв жүйесіне уытты немесе елітетін құралдармен ашық, сондай-ақ жасырын түрде әсер етуден көрінеді. Әсер етудің мұндай тәсілдерін көбіне жәбірленуші сезіне бермейді, дегенмен ол шабуыл жасау сипатынан айырылмайды. Сонымен бірге жәбірленушіге ішімдікпен, есірткімен немесе басқа да елітетін заттармен өсер ету, егер оны жәбірленуші өз еркімен қабылдаса, шабуыл деп есептеуге болмайды.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

Қазақстан Республикасында экономикалық кеңістіктін тұтастығына, тауарлардың, қызметтер мен қаржы каражаттарының еркін қозғалысына, бәсекелестікті қолдауға экономикалық қызметтің еркіндігіне кепілдік беріледі. Осылармен қатар, монополияға және арам пиғылды бәсекеге бағытталған экономикалық кызметке жол берілмейді, Конституцияға сәйкес әрбір адам заңмен белгіленген салықтар мен алымдарды төлеуі тиіс.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар деп материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіруге, таратуға, айырбастауға және тутынуға қатысты қалыптасатын қоғамдық қатынастарға зиянын тигізетін қоғамға қауіпті әрекетті айтады. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға: заңсыз, жалған кәсіпкерлік тауар белгісін заңсыз қолдану, көрінеу жалған жарнама, монополиялық әрекеттер мен бәсекелестікті шектеу, кәсіби спорт жарыстары мен коммерциялық жарыстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу, қолдан жасалған ақшаларды немесе бағалы қағаздарды дайындау немесе сату, экономикалық контрабанда, азаматтың салық төлеуден жалтаруы, тұтынушыларды алдау, компьютерлік ақпаратқа заңсыз жеткізу, ЭЕМ-ге арналған зиянды бағдарламаларды пайдалану, тарату және т.б. жатады.

Сонымен, мүлік иесіне иелік ету құқығын бұзумен не өзге де жолмен мүліктік зиян келтірумен немесе осындай зиянды келтіру қаупін туғызумен ұштасқан қасақана немесе абайсыз әрекеттерді меншікке қарсы қылмыстар деп айтады. Экономикалық қылмыстар материалдық игіліктер мен өндіру, реттеу, билік ету, айырбастау және тұтыну бойынша экономикалық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарға қол сұғады.<ref>Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 192 бет. ISBN 9965-36-002-2</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Құқық {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}