Олжа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Олжа – дәстүрлі қазақ қоғамындағы ұғым.<ref>Қазақ энциклопедиясы 7- том, Ахметжан І., Жараған темір кигендер, А., 1996.</ref> Жорық барысында қолға түскен тұтқындар мен материалдық байлықтар (мал, қару-жарақ, т.б.). Олжа саналып, әскерді марапаттаудың бір түрі ретінде көрсеткен ерлікке, атақ-дәрежеге сай бөлінген. Олжаның бестен бір бөлігі (ең жақсысы) ханның, әміршінің үлесіне тиіп, қалғандары жеңіске қосқан үлестеріне қарай батырлар мен жауынгерлерге бөлініп берілген. Батырлық жырларда қазақ батырларының олжаға түскен қалмақ қыздарына үйленгені айтылады. Әскердің, батырлардың, қолбасшылардың еңбегін, қызметін әділ бағалап, уақытында марапаттау, олжа беру жауынгерлердің әскери рухын көтерген. Бұл әскери дәстүр қазақ хандығында 19 ғасырға дейін сақталды. Қазіргі кезде кездейсоқ тауып алынған зат олжа болып саналады.

Ішкі сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Олжа|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}