Мемлекеттік шекара
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мемлекеттік шекара - мемлекеттік аумақты белгілейтін шектер.
Политологиялық тұрғыда шекараны ұлттық егемендік таралатын кеңістіктің шектері ретінде түсіндіреді. Мемлекеттік шекара – белгілі бір елдің құрлықтағы немесе судағы аумағының шегін көрсететін меже.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref>
Меже ішіне енетін әуе кеңістігі мен жер қойнауы және су түбі сол мемлекеттің аумағы болып табылады. Көршілес мемлекеттердің шекара межелері өзара келісімдер мен шарттарда белгіленеді.
- Мемлекеттер арасындағы шекараны белгілеу делимитация деп аталады.
- Жер бетінің құрамына қарай (тау жоталарымен, өзен арналарымен, т.б.) жүргізілген шекара сызығы орография деп аталады.
- Жер бетіндегі екі белгі арасында тікелей тартылған шекара сызығы геометрия деп аталады.
- Әдетте шекараны делимитациялау туралы шарттар шекара жөніндегі арнаулы келісімдерде, бітім шарттарында, мемлекеттік аумақтың белгілі бір бөлшегін екінші бір мемлекетке беру туралы, т.б. келісімдерде белгіленіп, шекара сызығын сол белгіленген жерлер бойынша нақтылы жүргізу демаркациялау деп аталады.
Ресми түрде белгіленген және бекітілген сызығын мемлекеттердің бір жақты бұзуы немесе қайта қарауы халықараралық құқыққа қайшы келеді. Мемлекеттік шекараны бойлай шекаралық белгілер орнатылады. Мемлекеттік шекараның күзетін шекаралық әскер (шекарадағы күзеттер, шекаралық қара-уылдар) жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасынан керекті құжаттарсыз және тиісті рұқсатсыз өту немесе шекаралық белгілерді заңсыз алу, жылжыту не жою қылмыстық жауапкершілікке тартылады (Қазақстан Республикасы Қазақстан Конституциясынің 330, 331-бабы). Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы бері көршілес мемлекеттер – Қырғыз Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Өзбекстан Республикасымен мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы меморандумға қол қойды.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.ISBN 9965-32-491-3</ref><ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001</ref><ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
ҚР Мемлекттік шекарасы
ҚР Мемлекттік шекарасы – Қазақстан территориясындағы құрлықтың, судың, жер қойнауының және әуе кеңістігінің шегін анықтайтын түзу сызық, сол сызық арқылы өтетеін жазықтық.
ҚР Мемлекттік шекарасын белгілеу
ҚР-ң мемлекттік шекарасы жергілікті аймақтарда нақты көрінетін шекаралық белгілермен белгіленеді. Шекаралық белгілердің түрлері,өлшемдері,олардыңсипттамасы мен құру тәртібі ҚР Министрлер кабинеті мен халықаралық шарттар арқылы анықталады<ref>."Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы" ҚР Заңы 1993 жыл 13 қаңтар</ref>
ҚР-ң мемлекеттік шекараға байланысты қабылдаған халықаралық шарттар:
- "Достастыққа мүше мемлекеттердің, олардың сыртқы шекарасында тұрақтылық жағдайды қамтамасыз етуіне байланысты ынтымақтастық туралы келісім". Бішкек, 1992 ж. 9 қазан
- "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше- мемлекеттердің егемендік, территорияның мызғымастығы мен қол сұқпаушылығын сақтау жөнінде Декларация", Мәскеу, 1994 ж. 15 сәір.
- "Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекаралары жөніндегі ҚР мен ҚХР арасындағы келісім". Алматы, 1994 ж. 21 қазан.
- "ҚР мен РФ арасындағы сыртқы шеараны қорғаудағы ынтымақтастық туралы шарт", Мәскеу, 1994 ж. 21 қазан.
- "ҚР мен РФ арасындағы сыртқы шеараны БІРЛЕСІП ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРТ". 1995 ж. 30 шілде
- "ҚР мен Өзбекстан Республикасы арасындағы " Қазақстан- Өзбекстан " шекарасы ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРТ". 2001 жыл.
Дереккөздер
<references/>