Орография

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Орография (Үлгі:Lang-el – тау, grapho – жазу) – жоталардың, қыраттардың, өзен аңғарларының, қазаншұңкырлар мен бедердің басқа түрлеріңің сырт бейнелерін және өзара орналасуын зерттейтін геоморфология ғылымының бір саласы.

Жалпы мәліметтер

Орография жер бедерінің шығу тегін, түзуші факторларды және даму тарихын қамтымай, тек сыртқы көріністерін ғана айқындайды. Мысалы, Қазақстан аумағының Орографиялық ерекшеліктері ретінде жазықтар, үстірттер және ұсақ шоқылардың оның батыс, орталық және солтүстік аймақтарын қамтитындығы, ал биік таулар шығыс және оңтүстік-шығыс шетін көмкеріп жатқандығы, соның нәтижесінде жер беті солтүстігіне және батысына қарай ашық, әрі осы бағытта аласара беретіндігі атап көрсетіледі. Ең төмен жатқан жері – Маңғыстау түбегіндегі Қарақия ойысы (132 м) мен ең биік жері Тянь-Шаньдағы Хантәңірі шыңының (6995 м) арасындағы биіктік ауытқуы 7127 м. Орография элементтері ретінде Солтүстік Қазақ жазығы, Сарыарқа, Каспий ойпаты, Торғай үстірті, Үстірт, Алай, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, т.б. сипатталады.<ref name="source1"> Қазақ энциклопедиясы VII-том;</ref>

Орографиялық бұлттар

Орографиялық бұлттар - 1) тау жоталарының үстінде немесе жел жақ бетінде оның үстінен ауа массаларының өтуі кезінде түзілетін бұлттар; 2) тау беткейлерінде пайда болатын будақ және будақ-жаңбырлы бұлттар.<ref> Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref>

Орографиялық жауын-шашын

Орографиялық жауын-шашын (Орографические осадки) — жер бедері әсерінен пайда болған бұлттардан жауған жауын (мысалы, ауаның тау беткейімен жоғары көтерілуі барысында пайда болады). Орографиялык кедергілер (үстірт, тау) көбінесе конвективті немесе шептік жауын-шашынды күшейтеді.

Орографиялық қар шегі

Орографиялық қар шегі (Орографическая снеговая граница) — тау шатқалдарында, қуыстарда, шұңқырларда сақталған қар мен мұздақ қар (фирн) дақтарының төменгі шекарасы. Бұл қар мен мұздақ қар дақтары жыл он екі ай бойы тау жоталарының көлеңке (күннен таса), теріскей беткейлерінде, климаттық қар шегінен төмен орналасады. Мысалы, Солтүстік Оралдың күн түспейтін терең шұңқырларында (қар) мұздықтар теңіз деңгейінен 500—1000 метрлік биіктіктерде кездеседі.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.</ref>

Пайдаланылған әдебиеттер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Орография|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}