Мейірім Төлегенұлы Нұрсұлтанов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Боксшы

Үлгі:Медальдар

Мейірім Төлегенұлы Нұрсұлтанов (27 шілде 1993, Аягөз, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан) — қазақстандық боксшы, ХДСШ, 2014 жылғы Қазақстан чемпионы, 2015 жылғы Дүниежүзiлiк бокс сериясының (WSB) чемпионы. Орта салмақтағы кәсіпқой боксшы (middleweight). Америка Құрама Штаттарында жеңіліссіз өткен тоғызыншы жекпе-жекте NABF Junior Middleweight чемпиондық белбеуін жеңіп алды (2018).

Әуесқойлар арасындағы Азия-2013 және 2013 жылғы әлем чемпионы — Мерей Ақшаловтың інісі.

Өмірбаяны

«Менің ағам әрқашан менің кумирім болды. Мен оның қадамдарын үнемі бақылайтынмын. Ол тамаша боксшы. Бокс — нағыз спорт түрі. Әр адам өзін және отбасын қалай қорғау керектігін білуі керек». — Мейірім Нұрсұлтанов. Мейірімнің боксшы болып қалыптасуында оның ағасы, Азия-2013 және 2013 жылғы әлем чемпионы (64 келі салмақта) Мерей Ақшалов басты рөл атқарды. Содан бері әуесқойлық деңгейде Нұрсұлтанов 250-ге жуық жекпе-жек өткізді.

Әуесқой айқастарындағы мансабы

2009 жылдың қараша айында 16 жасар Нұрсұлтанов Орал қаласында өткен 64 келі салмақтағы 1992-1993 жылдардағы жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанып, Азия чемпионатына жолдама алды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2010 жылдың наурыз айында Тегеран қаласында (Иран) 64 келі салмақта жастар арасында Азия чемпионы атанды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2012 жылы 19 жастағы Нұрсұлтанов 69 келі салмақта Астанада өткен бокстан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды, осы салмақта Қазақстан Республикасының чемпионы болып одан кейін сол жылы әлем және Азия чемпионы болып Данияр Елеусінов атанды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Ол 2014 жылдың желтоқсан айында Тараз қаласында 75 келі салмақта финалда оңтүстікқазақстандық Нұрзат Сабировты ұтып, Қазақстан чемпионы атанды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

«Astana Arlans»

Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) «Astana Arlans» қазақстандық жартылай кәсіпқой командасына шақырылды. 2015 жылғы маусымның басты кейіпкерлерінің біріне айналды. Ол 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде барлық жекпе-жекте жеңіске жетіп, финалда «Cuba Domadores» командасынан кубалық Лопес Кардонаны (3:0) сенімді түрде ұтып, «Astana Arlans» екінші рет WSB чемпионы атанды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Кәсіби мансабы

2016 жылы 23 жастағы боксшы кәсіпқойға ауысу туралы шешім қабылдап, Кэти Дува басқаратын Main Events компаниясымен келісімшартқа отырды. Боксшының менеджері Эгис Климас ресейлік Сергей Ковалев пен украиналық Василий Ломаченко мен Александр Усиктің ісімен де айналысады. Жаттықтырушысы: Роберто Гарсиа. Жаттығу алаңы Окснард, Калифорния, АҚШ. Ол жерлесі Мадияр Ашкеевпен бір командада жаттығады.

Ол 2016 жылы 19 қарашада АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында Сергей Ковалев - Андре Уорд жекпе-жегінің андеркартында дебюттік жекпе-жегін өткізіп, бірауыздан қабылданған шешіммен (60:54, 60:54, 60:54) 6 раундта Генри Бекфордты жеңді.

Екі жылдан кейін, 2018 жылы 13 қазанда Лас-Вегаста (АҚШ) өзінің тоғызыншы жеңіліссіз жекпе-жегінде ол төрешілердің бірауыздан қабылданған шешіммен (80:71, 80:71, 80:71) афроамерикалық Джамар Фриманды (15-6-2) жеңіп, NABF Солтүстік Америка чемпионы атағын жеңіп алды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Кәсіби жекпе-жек кестесі

Айқас Есеп Күні Қарсыласы Болған жері Нәтижесі Ескерту
Үлгі:Yes220 20-0 17 қараша 2023 Үлгі:Flagicon Хулио Аламос Үлгі:Small Үлгі:Yes2UD (12)
Үлгі:Yes219 19-0 15 сәуір 2023 Үлгі:Flagicon Кадзуто Такесако Үлгі:Small Үлгі:Yes2TKO 8 (12) 2:33 WBO International орта салмақтағы титулын қорғады.
Үлгі:Yes218 18-0 1 қазан 2022 Үлгі:Flagicon Марсело Косерес Үлгі:Small Үлгі:Yes2UD (10) WBO International орта салмақтағы титулын қорғады.
Үлгі:Yes217 17-0 11 маусым 2022 Үлгі:Flagicon Себастьян Орасио Папески Үлгі:Small Үлгі:Yes2TKO 5 (10) 0:47 WBO International орта салмақтағы титулын қорғады.
Үлгі:Yes216 16-0 5 ақпан 2022 Үлгі:Flagicon Андрей Сироткин Үлгі:Small Үлгі:Yes2RTD 5 (10) WBO International орта салмақтағы бос тұрған титулы үшін жекпе-жек.
Үлгі:Yes215 15-0 6 қараша 2021 Үлгі:Flagicon Дмитрий Атрохау Үлгі:Small Үлгі:Yes2UD (8)
Үлгі:Yes214 14-0 5 желтоқсан 2020 Үлгі:Flagicon Илья Баландин Үлгі:Small Үлгі:Yes2UD (8)
Үлгі:Yes213 13-0 2 қараша 2019 Үлгі:Flagicon Кристиан Оливас Үлгі:Small Үлгі:Yes2UD (10) WBC US орта салмақтағы титулды жеңіп алды.
Үлгі:Yes212 12-0 24 тамыз 2019 Үлгі:Flagicon Артур Осипов Үлгі:Small Үлгі:Yes2UD (10)
Үлгі:Yes211 11-0 24 наурыз 2019 Үлгі:Flagicon Луис Эрнандес (16-7-0. 9КО) Үлгі:Small Үлгі:Yes2UD (8)
Үлгі:Yes210 10-0 11 қаңтар 2019 Үлгі:Flagicon Рамон Агинага (13-1-0, 9KO) Үлгі:Small Үлгі:Yes2KO 2 (8) 2-раундта нокаут
Үлгі:Yes29 9-0 13 қазан 2018 Үлгі:Flagicon Джамар Фримэн (15-6-2, 8KO) Үлгі:Small Үлгі:Yes2UD (8) NABF Junior Middleweight Title бос титулды жеңіп алды
Үлгі:Yes28 8-0 4 тамыз 2018 Үлгі:Flagicon Хонатан Батиста (18-14-0, 11KO) Үлгі:Small Үлгі:Yes2RTD 2 (6) 2-раудтан кейін айқастан бас тарту
Үлгі:Yes27 7-0 23 маусым 2018 Үлгі:Flagicon Хосе Обандо (16-20-1, 12KO) Үлгі:Small Үлгі:Yes2KO 6 (6) 6-раундта техникалық нокаут
Үлгі:Yes26 6-0 3 наурыз 2018 Үлгі:Flagicon Алехандро Торрес (9-3-2) Үлгі:Small Үлгі:Yes2TKO 6 (6) 6-раундта техникалық нокаут
Үлгі:Yes25 5-0 25 қараша 2017 Үлгі:Flagicon Эрик Мун (7-0-0, 6KO) Үлгі:Small Үлгі:Yes2TKO 2 (6) 2-раундта техникалық нокаут
Үлгі:Yes24 4-0 9 қыркүйек 2017 Үлгі:Flagicon Исмаэль Буэно (15-6-0) Үлгі:Small Үлгі:Yes2TKO 1 (6) 1-раундтың 50 секундында нокаут
Үлгі:Yes23 3-0 14 шілде 2017 Үлгі:Flagicon Лэнни Дардара (5-7-2) Үлгі:Small Үлгі:Yes2KO 1 (6) 1-раундта нокаут
Үлгі:Yes22 2-0 15 сәуір 2017 Үлгі:Flagicon Хавьер Ольвера (1-0-0) Үлгі:Small Үлгі:Yes2TKO 2 (6) 2-раундта техникалық нокаут
Үлгі:Yes21 1-0 19 қараша 2016 Үлгі:Flagicon Генри Бекфорд (4-5-0) Үлгі:Small Үлгі:Yes2UD (6) Үлгі:Small

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер