Мақұлбек Рысдәулет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мақұлбек Рысдәулет (20 мамыр 1949 жылы туған, Жуалы ауданы Бақалы ауылы) –журналист.<ref>Тараз энциклопедиясы</ref>

Өмірбаяны

1949 жылы 20 мамырда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бақалы ауылында туған. 1973 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған.

1973—1992 жж. Жезқазған облыстық «Жезқазған туы» («Сары-арқа») газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 1991 жылдан «Халық кеңесі», «Заң газеті», «Егемен Қазақстан» газеттерінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі қызметтерін атқарған. 2004 жылдан бері Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің Бас редакторы болып қызмет етеді Қазір Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағатының директоры.

1985 — 1987 жж. Алматы Жоғары партия мектебінде оқыған. «Жүлдыздардың жарығы» (1999), «Күміс белдік» (1999), «Желсаз» (2004) "Құс жолы" (2011), "Тарих тамырлары" (2012), "Көңіл құсы" (2012), "Мәңгілік ерлік" (2012), "Әбдір Сағынтаев" (2012), "Ерлік ұмытылмайды" (2010), "Тәуелсізідік - туымыз!" (2011), "Ескерткіштер - ел тарихы" (2012) прозалық және тарихи -танымдық кітаптардың авторы.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық – Алматы: “Ан Арыс” баспасы, 2009 жыл – 480 бет. ISBN 978-601-7130-43-5</ref>

Жетістіктері

Журналистер арасында өткізілген бірнеше республикалық, Одақтық байқаудың жүлдегері. Қазақстан журналистер одағының Б.Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі, бірнеше мемлекеттік медальдармен және Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен марапатталған. Қазақстан Жазушылар одағы мен "Қазақмыс" компаниясы, Қарсақбай мыс қорыту зауытының 80 жылдығы мен Республика күні мерекесіне орай өткізілген байқаудың проза саласы бойынша Бас жеңімпазы.

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub