Мақан Жұбанышұлы Жұмағұлов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мақан Жұбанышұлы Жұмағұлов (20.10.1924 жыл, Еңбекшіқазақ ауданы, Бұрғансу ауылы) — жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі (1963).
- 1940 жылы Алматы көркем сурет училищесіне түсіп, 2-дүниежүзілік соғысынан оралған соң, аталмыш училищені тәмамдайды (1946).
- Мәскеудегі Әдебиет институтын бітірген (1959).
- 1948 - 52 жылдары Алматыда № 18 мектепте мұғалім
- 1952 - 54 жылдары "Учитель Казахстана" газетінде әдеби қызметкер
- "Жазушы" баспасында (1967-1975) редактор
- 1975 - 83 жылдары Авторлық құқық қорғау жөніндегі Бүкіл одақтық агенттігі Қазақ республикасы бөлімшесінде инспектор, аға әдеби кеңесші қызметтерін атқарған.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Шығармашылығы
Шығармаларын орыс тілінде жазды.
- Тұңғыш өлеңдер жинағы — "Қараторғай" 1950 жылы жарық көрді.
- 1916 жылы Торғайдағы ұлт-азаттық қозғалысын, оның жетекшісі ауылы Имановтың ерлігін баяндаған "Қыран қазасы қияда" романы (М., 1965, 1967)
- балаларға арналған "Сөз кітабы" (1969)
- "Днепрге" повесі (1972, 1986)<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref><ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}