Марк Захарович Подольский
Үлгі:Тұлға Марк Захарович Подольский — 1932 жылы 25 ақпанда Украинаның Смела қаласында дүниеге келді. Білімі — жоғары, 1956 жылы Н. В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетін, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, Алтынсарин (медаль), Астана (медаль), Конституцияның 10 жылдығына арналған мерейтойлық медальдарының иегері.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Мазмұны
Отбасы
Әйелі: Раиса Ивановна Осауленко (12 тамыз 1933 — 2000 жж) 1956 жылы Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының, филология факультетін, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойыша тәмамдады.<ref>Үлгі:Cite web</ref> №411 орта мектептің бастауыш саныптарына дәріс берді. Қызы: Рита Макаровна 1957 жылы туған. Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының, филология факультетін, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойыша тәмамдады. № 198 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі.
Мансапы
Қызылорда облысының еңбек сіңірген қайраткері, «Облыстың ең үздік директоры», «Қаланың үздік директоры» номинацияларының жеңімпазы. Марк Захарович 60 жыл бойы білім беру жүйесінде жұмыс істеді. Еңбек жолын пионер көшбасшысы ретінде бастаған, Макаренко балалар үйінің тәрбиешісі болып жұмыс істеді, № 120 орта мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 1978 жылдан 2002 жылға дейін № 198 орта мектептің директоры болып жұмыс істеді. Марк Захарович Қызылорда қалалық білім беру бөлімінің кеңесінің мүшесі. Марк Захарович жаңашылдықты сүйетін директор болып табылады. Оның басшылығымен "Үлгілі үй", "Екіліксіз үй" секілді жобалар жүзеге асырылды. Марк Захарович өскелең ұрпақты еңбекке тәрбиелеуге көп көңіл бөлді. Мектеп жанынан тігін ісі бойынша шағын цехтарды жабдықтады. Қызылорда облысында алғаш рет 1986 жылы салауатты өмір салты бойынша семинар ұйымдастырып, дене шынықтыру сабақтарында стандартты емес спорт жабдықтарын қолдануды көрсетті. Уақыт өте келе Марк Захарович балаларды еңбек сабағында ақша табуға үйретеді, соның арқасында №198 орта мектеп Республикадағы алғашқы мектеп – миллионер болды.
Жетістіктері
- «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» 1993 жыл
- «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» 2008 жыл<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- «Қызылорда облысының құрметті қайраткері» 1997 жыл
- «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» 1973 жыл
- «Ыбырай Алтынсарин атындағы медаль» 1992 жыл
- «Астана медалі» 1998 жыл
- «Қазақстанның Конституциясына 10 жыл» 2005 жыл
- «Ерен еңбегі үшін медалі» 2005 жыл
- «Өмірі үлгі өнеге» 2000 жыл
- «Қаланың үздік директоры» 2000 жыл
- «Қызылорда облысына – 70 жыл» 2009 жыл
- «Қызылорда қаласына -190 жыл» 2009 жыл