Мария Ұласбекқызы Анартаева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Мария Ұласбекқызы Анартаева — медицина ғылымының докторы (2008).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1968 жылы 28 қаңтарда қазіргі Түркістан облысы, Төле би ауданы, Көксәйек ауылында туған.

Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1991, қазіргі Қарағанды медицина университеті), ординатурасын (1993), Шымкент мемлекеттік фармацевтика институтының аспирантурасын (1996) бітірген.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында кафедра доценті (1999-2003), деканның орынбасары (2001-06), кафедра доценті (2006-07), 2006 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының кафедрасында профессор, проректор қызметін атқарады.

Ғылыми бағыты, еңбектері

Негізгі ғылыми бағыты қоғамдық денсаулық және қоғамдық денсаулықты сақтау.
"Научное обоснование современных медико-организационных технологий по снижению материнской смертности в Южном регионе Республики Казахстан" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
60-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 авторлық куəлік, 3 патент, 6 əдістемелік нұсқаулықтың авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер