Марат Тұрдыбекұлы Оспанов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Марат Тұрдыбекұлы Оспанов (17 қыркүйек 1949, Ақтөбе қаласы – 23 қаңтар 2000, Алматы қаласы) – қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы (1998).
Мазмұны
Өмір жолы
- 1971 жыл — Қазақ КСР-і Мемлекеттік жоспарлау, есептеу орталығының ғылым зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер.
- 1971 жыл — Мәскеу халық шаруашылығы институтын бітірген.
- 1972–1976 жж. — Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында оқытушы, кафедра меңгерушісі.
- 1979 жыл — ҚазМУ-дың аспирантурасын (қазіргі ҚазҰУ) бітірген.
- 1979-1990 жж. — Партия ұйымының хатшысы.
- 1990-1991 жж — Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің Экономикалық реформа, бюджет пен қаржы мәселесі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары.
- 1991-1992 жж. — ҚР Мемлекеттік Бас салық инспекциясы бастығының орынбасары.
- 1992-1994 жж. — ҚР Қаржы министрінің 1-орынбасары – Бас салық инспекциясының бастығы.
- 1995 жыл — ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы Шетелдік капиталды игеру жөніндегі комитеттің төрағасы.
- 1996-1999 жж. — ҚР Парламентінің бірінші шақырылымдағы Мәжілісінің төрағасы.
- 1999-2000 жж. — «Отан» партиясы төрағасының орынбасары.
- 1995-2005 жж — 1 және 2-шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Ғылыми еңбектері
- 1997 жылы - «Налоговая реформа и гармонизация налоговых отношений» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
Оспанов елдегі қоғамдық-саяси процестерге белсенді араласып, республика Парламентінің қалыптасуына, саяси және экономикалық реформалардың әзірленіп, жүзеге асырылуына үлес қосты.
Ол қаржы және бюджет, салық т.б. экономикалық салаларға арналған 100-ден астам ғылыми мақала, 8 монография:
- «Гармонизация налоговых отношении», 1997;
- «Налоговая реформа и гармонизация налоговых отношении, 1997; т.б.) жазды.
- 1999 жыл «Тұрақтанудан өсімге қарай» (1999-2005) атты дағдарысқа қарсы экономикалық бағдарламасын жариялады, кейін бұл ҚР Үкіметінің экономикалық бағдарламасында негіз етіп алынды.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9</ref> Экономика ғылымы саласында 6 кітабы бар.
Есте қалдыру
- Ақтөбе қаласындағы көшенің бірі
- Батыс Қазақстан медицина академиясына М.Оспанов есімі берілген.
- Ақтөбе қаласында Марат Оспанов тұрған үйге ескерткіш тақта ілінді.
- 2001 жылы шілде айында есімі берілген медицина академиясына қола бюсті қойылды.
Марапаттары
- 2-дәрежелі «Барыс» орденімен (1999) және медальдармен марапатталған.
Қосымша мәліметтер
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}