Майя Михайловна Плисецкая

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Майя Михайловна Плисецкая (1925 жылы тұған) 1959 жылдан КСРО Халық артисі. 1943 жылы Мәскеу хореографиялық училисін Е.П.Гердт пен М.М.Леонтьеваның класы бойынша бітіргеннен кейім, Үлкен театрдың құрамына қабылданды. Плисецкая — классикалық және қазіргі репертуардың аса үздік орындаушысы. Басты партиялары: П.И.Чайковскийдің "Аққу көліндегі" Одетта-Одилия, "Ұйқыдағы аруындағы" Аврора, А.К.Глазуновтың "Раймондасындағы" Раймонда, Крейннің "Лауренсиясындағы" Лауренсия, Прокофьевтің "Тас гүліндегі" Мыс тауының қожасы, Асафьевтің "Бақшасарай фонтанындағы" Зарема, Минкұстың "Дон Кихотындағы" Китры Бизе-Щедриннің "Кармен-сюитасындағы" Кармен, Щедриннің "Анна Каренинасындағы" Анна Каренина, тағы басқа. Ол орыс хореография мәдениетінің озық дәстүрі мен жаңашыл бағытын би өнерімен ілгері дамытты. 1972 жылы Үлкен театрда Л.Н.Толстойдың шығармасы бойынша басқалармен бірлесіп "Анна Каренина" балетін қойды. Плисецкаяның репертуары тақырып кеңдігімен ерекшеленеді, бірақ үлкен не кішкентай рөл болмасын немесе концерттік нөмір-хореографиялық миниатюра болмасын, ол әр рөліне өзіндік бояу тауып отырды. Музыканы тамаша сезінуі, пластикалығы мен актерлік шеберлігі балерина-актрисаға лирикалық та, драмалық та, трагедиялық та бейнелерді сомдауға көмектесті.<ref>Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-33-998-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Майя Михайловна Плисецкая|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}