Майлы дақтар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Майлы дақтарды кетіру үшін түрлі препараттар шығарылады.
Минутка — синтетикалық және табиғи талшықтан жасалған тоқыма бұйымдардағы май, қара май, смола, әтір, крем, сүт, қаймақ, соус дақтарын кетіруге арналған паста. Дақтың үстіне азырақ паста жарады. Бірнеше минуттай кейін паста себеді, сонда пайда болған ұнтақты щеткамен тазалау керек. Егер дақ толығымен кетпесе, онда тағы бір қайталау керек.
Сорбент—майлы дақтарды түрлі маталардан кетіру үшін қолданылатын ұнтақ. Матаға бояу өсер етеді, ала-құла із қалдырмайды. Дақтарды кетіру үшін бір мезгілде матаның екі жағынан да тазалау керек. Матаның астына таза шыны, ағаш тақтай, фанера төсейді. Шынының және дақтың үстіне бір қабат ұнтақ себеді. 15—30 минуттай кейін (ластану деңгейіне қарай) ұнтақты щеткамен тазалайды, дақ толық кетпесе тағы қайта» айды. Агидель, Агидель 7 4—кез келген матаны майлы бояу, май, минералды май д ақтар ын ан тазалау үшін қолданылатын сұйық заттар.
Матадан майлы дақтарды кетіру үшін пайдаланылатын салфеткалар . Дақтық астына ақ шүберек төсейді. Бірнеше бүктелген салфетканы дақтың үстіне қойып, қатты қысады. ' Одан соң салфетканы алып, дақтың астындағы шүберекті тез ауыстырыл жайылып кеткен дақты мата әбден кепкенше салфеткамен сүрту қажет. Майлы дақтарды кетіретін арнайы заттар жоқ болған күнде дақ қ алдырмай тын тазартылған еріткіштерді ғана (бензин, скипидар т. б.) пайдаланады. Еріткіштің тазалығыл оған ақ қағазды батырыл тексертуте болады. Кепкеннен кейін қағазда дақ болмауы керек. Дақтарды еріткіштермен кетіру үшін кейде матаның теріс жағынан тазалаған дұрыс. Бұл дақтардың жайылып кетуіне жол бермейді. Майды ерітетін бензин, скипидар, бензол, эфир, спирт, ацетон — тез жанғыш заттар, сондықтан оларды пайдаланғанда сақ болу керек. Еріткіштердің көпшілігі улы. Бұлардың кейбіреуінен адамның басы ауырып, ал кейде есінен танып қалуда да мүмкін. Сондықтан тазалау жүргізілген жерді жақсылан желдетіп, улы және жанғыш заттарды тығыз тығынды шыны ыдыста, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет. Әр заттық құтысында тиісті жазуы болуы керек. Өсімдік және мал м айынан, балық майып ан, кастор м айы нан ақшыл түсті мақта, кенеп, жүн және жібек маталарға тиген дақтарды төмендегідей әдіспен кетіреді. Жаңа тиген даққа бордың құрғақ ұлт ағын тальк, күйдіррілген магнезиялы матаның екі жағынан сеуіп, ақ қағазбен жауып, үстінен әлде бір ауыр зат (мәселен үтік) қойып, бір тәулік қалдырыл, одан соң ұнтақты тазалан тастау шарт. Қоңырқай түсті маталардағы дақтарға ұнтақты теріс жағынан себу керек, өйткені оң жағында ұнтақтық ізі қалуы мүмкін.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

</div>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Майлы дақтар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}