Майдан Күнтуарұлы Сүлейменов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым Майдан Күнтуарұлы Сүлейменов (30 қыркүйек 1941 жылы, Алматыда туған) — ғалым. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Заң ғылымдарының докторы, профессор. Каспий жеке қоғамдық университетінің құқықтық ғылыми-зерттеу институтының директоры (2013 жылдан).

Толығырақ

  • Майдан Күнтуарұлы 1941 жылы 30 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген;
  • 1963 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген;
  • 1963 – 1966 жылдары КСРО Ғылыми Академиясының Мемлекет және құқық институтының аспиранты;
  • 1966 – 1991 жылдар Қазақ КСР-і Ғылыми Академиясының Философия және құқық институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, азаматтық құқық ғылымдары бөлімінің меңгерушісі;
  • 1991 – 1992 және 1994 – 1995 жылдар ҚР Ғылыми Академиясының Мемлекет және құқық институтының директоры;
  • 1992 – 1994 жылдар ҚР Ұлттық ғылым академиясының Бас ғалым-хатшысы болды;
  • 1995 жылдан Қазақ гуманитарлық заң университетінде жеке құқық ғылыми-зерттеу орталығының директоры;
  • 2013 жылдан Каспий жеке қоғамдық университетінің құқықтық ғылыми-зерттеу институтының директоры.

Қоғамдық белсенділігі

ҚР Президенті жанындағы Құқықтық саясат кеңесінің, ҚР Жоғары соты ғылыми-консультативті кеңесінің, ҚР Парламенті Сенатының сараптама кеңесінің, ТМД Экономикалық соты ғылыми кеңесінің мүшесі. ҚР Конституциясын, Азаматтық кодексін, тұрғын үй заңын және басқа да экономикалық реформаға қатысты заңдарды жасауға қатысқан.<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Шығармалар:

  • Ответственность за нарушение сроков исполнения договорного обязательства, А., 1971;
  • Структура договорно-хозяйственных связей, А., 1980;
  • Право и предпринимательство в РК, А., 1994;
  • Право и иностранные инвестиции в РК, А., 1997;
  • Комментарий к Гражданскому кодексу РК (общая часть), в 2-х кн., А., 1998;
  • Energy Charter Treaty, London, 1997;
  • Право и собственность в РК, А., 1998.

Ғылыми атақтары

Мемлекеттік марапаттары

  • 1986 жылы «Қазақ КСР Алтын кітабына» енді.
  • 1999 жылы «Құрмет ордені» мен марапатталды.
  • ТМД халықаралық парламент ассамблиясының құрмет грамотасымен марапатталған (1978, 2007 жылдары);
  • 2004 – 2006 жылдары екі мәрте «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі» мен марапатталған (ҚР БжҒ министрлігі);
  • 2005 жылы «Қазақстан конститутциясына 10 жыл» медалі;
  • 2015 жылы «Қазақстан конститутциясына 20 жыл» медалі;
  • 2016 жылы президент жарлығымен «Парасат ордені» берілді.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер