Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
Л.Н.Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ғимараты
Орналасқан жері Қазақстан, Қостанай, Алтынсарин к-сі 111
Құрылған уақыты 1894 жыл<ref>Костанайская область: энциклопедия [Текст] : 70-летию посвящается / З. А. Алдамжар [и др.] ; Костанайский социально-технический ун-т. - Алматы: Арыс, 2006. - 732, [4] с.: ил. - ISBN 9965-17-331-1</ref>
Жинақтары
Жинақтарының түрлері кітаптар, мерзімді басылымдар, ноталар, дыбыстық жазбалар, бейнелеу өнерінің басылымдары, картографиялық басылымдар, электронды басылымдар, ғылыми жұмыстар, құжаттар және басқалар.
Жинақтың көлемі 500 астам түрлі журналдар мен газеттер
Қол жетімділік және пайдалану
Жыл сайынғы құжат берілім 900 мың
Оқырмандар сан 35 мың
Басқа ақпарат
Директоры Қазина Гүлжамерия Ғалиасқарқызы
Сайты http://www.kstounb.kz/<ref>Кітапхананың ресми сайты</ref>

Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы (Үлгі:Lang-ru) — Қостанайда орналасқан Қазақстанның ұлттық кітап қоймасы.

Тарихы

Қазақстанда революцияға дейін кітапханалар ең алдымен орыс халқы басым болған губерниялық және уездік қалаларда құрылды. Осылай, Торғай қамқорлық қоғамы Қостанай уездінің қоныс аударып келген орыстар арасында бастапқы білім беруді тарату туралы 1891 жылы Қостанайда ақысыз «Халық оқу залының» ашылуы туралы ұсынысымен Торғай облысының әскери губернаторына өтінішпен барды. 1892 жылы осындай оқу залы ашылды, онда 467 кітаптар болды, және ол Жарғы негізінде жұмыс істеді.

1894 жылы Қостанай қаласының Халық үйінде бірінші көпшілік кітапханасы ашылды. Өкінішке орай, біздің кітапхананың тарихы осыдан бастауын алатыны туралы нақты дәлелдер жоқ.

Кітапханадағы бар құжаттарда келесі мәлімдемелер байқалады: «1936 жылдың қаңтар айынан бастап, Қостанай облысының білім алуына байланысты, қалалық кітапхана облыстық кітапхана деп атала бастады».

1949 жылы атақты орыс жазушысы Лев Николаевич Толстойдың 120 жылдық мерейтойына байланысты кітапханаға оның есімі берілді. Кітапханаға оның есімі кездейсоқ берілмегені туралы мұрағаттық құжаттар дәлелдейді. Л.Н.Толстойдың мұрасының ерекше қызықтыратыны ол оқырман-шаруа адамдарымен жарияланбаған қатынас хаттары, хат жазысуы. Өмірінің соңғы жылдарында Л.Н. Толстой Ресейдің шалғайдағы түкпірлерден, сонымен қатар ұлттық шеттерден көптеген хат алып тұрды. Бірде бір жол адресаттың назарысыз қалмайтын, бұл туралы жазушының алынған корреспонденцияға жауап хаттары мен белгілеулері дәлелдейді.

Бұл қарым-қатынаста есте қаларлығы оның Қостанай уездінің Торғай губерниясының шаруа адамдарымен хат жазысуы. Л.Н.Толстойдың мәскеулік мұражай қорында «қостанайлық іздер» бар: өте жақсы сақталған қостанайлық В.И. Касиванов пен И.В. Колесниковтың оннан артық хаттары. Әр біреуінде – жазушының жеке белгілеулері. Бұл тұрғыда жергілікті деректемелермен, сонымен қатар Қостанай пединститут мұражайының әдеби қоры едәуір қызығушылық тудырады. Қостанай педагогикалық институттың профессоры, марқұм Н.И. Кандалинм Лев Николаевичтің қостанайлықтармен жазысқан хаттары туралы айтылатын мәліметтерді жинады, ол бұл сұрақ бойынша зерттеу жұмыстарымен айналысты және Л.Н.Толстойдың Мәскеудегі мұражайына бірнеше рет барып тұрған.

Л.Н. Толстойдың қостанайлық Василий Исаевич Касивановпен хат жазысуы 1907-1908 ж.ж. жатады. Бұл уақытта Л.Н.Толстой Ясная Полянада өмір сүрген. В.Касиванов – қазақ Зауральесіне көшіп келген, Самаралық губерниясының шаруа ортасынан шыққан. Осы жерден Л.Н. Толстойға 24 қаңтарда хат жіберілген. Автор өзінің жазушы шығармашылығымен қызыққаның айтып, оның кітаптарын қалай және қайда сатып алуға болатының сұрайды. Толстойдың хатшысы Касивановтың хат конвертінде белгілеген екен: «Касиванов кітап сұрайды. Костанай». Хатты оқып, жазушы «алыс түкпірге» қарсы болмай: «Кітаптарды жіберу керек»,-деп өкім етті. Осы жылдың 25 мамыр айында жіберілген, екінші хат, кітаптардың тағайындалған жеріне келіп түскені туралы дәлелдейді. Өз атынан, Толстой кітаптарын тыңдаушылар атынан (қостанайлық шаруа адамдардың көпшілігі сауатсыз болғандықтан кітаптарды дауыстап оқыған) Касиванов былай деп жазған екен: «Сіздің мәңгі бақи құлдықтан теңдік пен бостандыққа апаратын тура жол шындық ілімін оқыған уақытта, жер қазушы ер кісілер қандай ынтамен ұйып тыңдайтындарын суреттеп бере алмаймын». 1908 жылы 31 наурыз айында жазылған В.Касивановтың үшінші хаты, едәуір мәнді және қызығырақ. Сыйлыққа алынған кітаптар («он бес кітапша») үшін алғыстан басқа, хат есте қаларлық еңбекшіл халықтың өмірі мен оның көсемдері туралы ойларды құрайды.

Л.Н.Толстойдың И.В.Колесниковпен хат жазысуы оданда маңызды. Колесниковтың Толстойға жазған тоғыз хаты сақталған (оның жартысы Челябі түрмесінде жазылған), жазушының екі жауап хаты (олардың біреуі «Сіздің ағаңыз Лев Толстой» деп жазылған), жазушының Колесниковке қарым-қатынасы туралы В.Молочковтың естеліктері, Колесников туралы Толстойдың өзінің күнделікті жазбалары және И.Колесниковтың бір хатының дәйек сөзі мен саралауы оның «Ғасырлар туралы» мақаласында маңызды орын алады. 1909 жылдың мамыр айының 1-інде Л.Н.Толстойға кіріп-шыққан В.А.Молочников жазушымен әңгімелескен уақытта оның хатты «Күрделі кезеңдер» жинағымен салыстырып отырғаның еске түсіреді. Оған ерекше әсер еткені ол хаттың авторы – сауатсыз, бірақ оның ойынша, ауыр өмірдің себеп мәнісіне дұрыс жақындайтын шаруа адам. «Дәл көздеген жерге тигізеді, Бұл хатты суретке түсіріп алу керек – деп шаттықпен байқайтын Лев Николаевич». 1909 жылы 21 мамыр айында Лев Николаевич Колесниковтың хатын тағы еске түсіреді: «Кеше таңертеңде «Орыс сөзінің» тілшісі келді. Мен оған «Күрделі кезеңдер» туралы әңгімелеп, айтып жаздырттым... Ер адамның хаты өте заңды – белгілі қылғым келеді». Л.Толстойдың қостанайлықтармен хат жазысуы жазушының тек орталық Ресейде ғана емес, сонымен қатар елдің шеткі ұлттық өңірлерінде де шаруа адамдардың тобына ықпалының шексіз екені, оның өзара қарым-қатынас жасау туралы айтуға ерік береді. Ұлы Отан соғысы– бұл Л.Н.Толстой атындағы облыстық кітапхананың өмірінде ерекше кезеңі. Соғыс жылдарында біздің қалада снарядтар жарылмады, оқтар зуылдамады. Бірақ майдан әрбіреудің жүрегінен, әрбіреудің тағдырынан өтті, және қостанайлықтар бір ғана оймен өмір сүрді: бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін. Қостанай облыстық кітапхананың 1961 жылы «Қазақ ССР еңбегі сіңген кітапханашысы» атағына лайықты Анна Павловна Вертинская басшылық еткен ұжымы да ерекше болып қалған жоқ. Соғыс уақытына қарамастан, кітапхананың жұмысы тоқтап қалған жоқ: кітап қоры толықтырылып, мерзімді басылымдар түсіп тұрды, көшірумен келген Кеңес Одағының – Мәскеу, Ленинград, Симферополь, Киев, Херсон және т.б. үлкен қалаларының арқасында оқырмандардың саны көбейе берді. Кітапханашылардың арқасында, бүгінде біздің кітапханамызда майдан оқырмандарынан келген қасиетті жәдігерлері – хаттар сакталган.

Кiтапхана ғимараты ұзақ жылдар бойы Повстанческая 74 көшесінде орналасқан. Л.Н.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың дамуы, пайдаланылып отырған алаңнын кеңейтуімен қоса, техникалық жабдықтардың, кітапханалық қордың, штаттың, бөлінген қаржының артуымен коса жүрді. 1979 ж. шілде айындағы мәнді оқиға – жаңа типтік ғимаратқа көшу болды. Кітапхананың пайдалаланылатын алаңы 6 000 шаршы метрді құрайды, кітап сақтаудың сыйымдылығы 500 мың том, оқырмандар үшін орындар саны – 500. Облыстың басты кітапханасы, көпшілік қостанайлықтар үшін жай ғана «Толстовка», бірақ бұл есім 60 жыл бойы қала тұрғындарын қуанттырып, таң қалдырып, біліммен байытып келеді. Лев Николаевичтің сөзі: «Кітаптың мәні – мәңгі... Мәні бұл – ойдың мәңгі есте сақталуы»,- біздің кітапханаға толық құқықпен айтуға болады. Әлемдік деңгейдегі ұлы орыс жазушының есімі біздің кітапхана үшін өте көп маңызы бар: Толстойдың еңбектері кітапхана сөрелерінде қозғалыссыз тұрмайды, ылғида оқырман қолында. Қатты айтылмасын, бірақ бұл таң қаларлық емес, өйткені олар өмір сүруге көмектеседі, ойлауға, жасауға мәжбүр етеді.

1997 жылы Л.Н.Толстой атындағы ОӘҒК дүниежүзіне белгілі Сорос қорының грантын алды. «Толстовка» Сорос қорымен, «Евразия» және ашық қоғам Институтымен ұйымдастырылған конкурсқа қатысты, және бестік жеңімпаздардың ішіне кірді. Гранттың арқасында Интернет жүйесіне кіруге рұқсат ашылды, этап бойынша оқу семинарларына шақырулар алынды, үлкен мөлшерде жаңа әдебиеттер түсірілді. «Пушкиндік кітапхана» мегажобасына қатысуға байланысты қор едәуір ресейлік басылымдардың ең жақсы әдебиеттермен, сонымен қатар электрондық ақпаратты тасушылармен толықтырылды.

1998 жылы Л.Н.Толстойдың 170 жылға толуына байланысты кітапхана қонақжайында А.М.Горькийдің сөзімен аталған: «Толстой – бұл біртұтас әлем» атты үнемі колданыстағы көрме ашылды. Онда – шығарма жинақтамалары және жеке туындылары, соның ішінде 1872 жылы жарыққа қайтадан басылып шыққан «Әліппе» басылымы, И.Репиннің, И.Крамсковтың репродуктивтік суреттері, Толстойдың замандастарымен түсірілген фотосуреттері, оның романдарына иллюстрациялар, олардың балаларының Толстой туралы естеліктері және т.б. өз орнын тапқан.

2001 жылы «РАБИС» бағдарламасын сатып алуға байланысты кітапханалық процесстерді автоматтандыру, кітапхана жұмысын түбегейлі өзгертті. Кітапхана қорына ағымдағы түсімдер туралы ақпарат енгізуде электрондық каталогты қалыптастыру бар қарқынмен жүргізілуде. Қазіргі уақытта кітапханада 45 автоматтандырылған жұмыс орны бар, толықмәітінді құқық қоры: қазақ және орыс тілдерінде «Заң» және «Заңгер 4.0 - Максимум», ол құжаттарды электрондық түрде жеткізу қызметін атқарады. Облыстың ірі кітапханаларының әрбір тарихи беттері - өңір мәдениеті дамуынын едәуір салмақты қазынасы.

Бүгін Л.Н.Толстой атындағы ОӘҒК – бұл электрондық ақпаратпен жұмыс істейтін, Интернеттің қорын жүйелейтін, әртүрлі электрондық қызметті көрсететін және жаңа технологияларды енгізудегі өзінің болашағын толық сенімді байланыстыратын кітапхананың жаңа үлгісі. Л.Н.Толстой атындағы ОӘҒК – маңызды ақпараттық, мәдениеттік, өлкелік білім алатын орталық, Қостанай облысында басып шығарылған басты баспа туындыларының, және өлке туралы әдебиеттердің, облыс кітапханалары үшін ғылыми-әдіскерлік орталық қоймасы.

Кітіпахана қызметкерлері 20 жылдан артық әртүрлі кездесу-кештерін ұйымдастырады. Кітапхананың қонақтары әр түрлі жылдары Сара Назарбаева, Әбіш Кекілбаев, Шыңғыс Айтматов, Иван Шеголихин, Морис Симашко және т.б. болды.

Кітапхана оқырмандарға салалық бөлімдер, оқу залдары, ақпараттық орталықтар арқылы қызмет көрсетеді; өлкенің мекемелері мен билік ұйымдарына ақпараттық көмек көрсетеді. Кітапхананың кадрлік құрамы – 130 қызметкер, 14 бөлімдегі жұмысты 97 кітапхана мамандары ұйымдастырады. Жыл сайын кітапхана 35 мың оқырманға қызмет етеді, оларға 900 мың дана әдебиеттер беріледі. Кітапхана 500 атаудан артық журнал мен газет жаздырады.

Л.Н.Толстой атындағы ОӘҒК бір орында тұрмайды – ол арықарай дамиды, өзінің ұстанған жолын бекітеді және жалпы кітапханалық іске өз үлесін қосады. «Кітапханалар – бұл өткеннен болашаққа көпір» деген қалыптасқан сөз қазіргі «Толстовканың» өміріне сай келеді.

Құрылымы

Әкімшілік

  • '
Қазина Гүлжамерия Ғалиасқарқызы
Тел./факс: 8 (7142) 500 - 354
E-mail: Dir_ounbkost1@mail.ru
  • Ғылыми хатшы
Доронина Светлана Александровна
Тел./факс: 8 (7142) 503 - 075
E-mail: [1]
  • Директордың кітапхана істері жөніндегі орынбасары
Безаубекова Сәния Серікқызы
Тел.: 8 (7142) 503 – 075
E-mail: zam_74111@mail.ru
  • Директордың шаруашылық істері жөніндегі орынбасары
Ерғалиева Мауия Тоқмағамбетқызы
Тел.: 8 (7142) 500 – 381
  • Бас бухгалтер
Рахметова Зульхича Шафаисқызы
Тел.: 8 (7142) 500 - 328

Бөлімшелер

Кітап қорын толықтыру және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі

Кітап қорын толымдау және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі кітапхана қорының ғылыми-дәлелді қалыптастыруын іске асырады, кітапханада кітап қорын жүйелі және каталогтық өңдеуді жүргізеді және оның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлімнің қызметі:

  • қазақ, орыс және шетел тілдеріндегі әдебиеттерді ағымдық толымдауды ұйымдастыру,
  • кітап баспалары мен кітап дүкендерінде, жеке кәсіпкерлер мен жергілікті авторлардың әдебиеттерін сатып алу,
  • мерзімдік басылымдарға жазылуды дайындау, олардың түсімін қадағалауын іске асыру,
  • келіп түскен әдебиеттерді қабылдау, есепке алу және тіркеу, мүкәммал кітаптарынан шығынға жазылған әдебиеттерді шығару,
  • баспа туындыларын жүйелеу,
  • электрондық каталогты ұйымдастыру (электрондық каталогқа құжаттарды енгізу),
  • мерзімдік басылымдар мен кітаптардың қызметтік және оқырмандық каталогтарын жүргізу және редакциялау.

Жылына кітаптар мен басқа материалдардың келіп түсуі 10 мыңнан артық бірлікті құрайды, соның ішінде мемлекеттік тілде – 3 мыңнан артық бірлік және 300 жоғары мерзімдік басылымдар атауы. Кітапханаға кітаптар, электрондық басылымдар, журналдар, газеттер, карталар, ноталар, аудиовизуалды материалдар сатып алынады.

Басты, алфавиттік оқырмандық, жүйелі каталогтар жыл ішінде 21 500 карточкаға толықтырылады. Электрондық каталогтың берілім қорына 5 600 жоғары сипаттама енгізілген, соның ішінде мемлекеттік тілде - 1 500 артық.

Электрондық каталогтың "Кітап" бөлімі берілім қоры кітап басылымы 72 000 жоғары жазуларды құрайды, соның ішінде мемлекеттік тілде – 8 000 артық.

Бөлім жанында айырбас-қор секторы бар. Қорға жыл ішінде 35 000 артық бірлік келіп түседі, соның ішінде мемлекеттік тілде - 32 000 артық. 41 000 жоғары бірлік облыс ОКЖ беріледі, негізінде, ол Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік тапсырысы бойынша келіп түсетін және жергілікті авторлардан сатып алынатын әдебиеттер.

Кітап қорын толымдау және каталогтарды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі – Галиуллина Гульфира Умурзаковна.

Тел. 390-561

Ақпарат, тіркеу және бақылау бөлімі


  • жоспарлауды, есеп беруді, кітапхана бойынша есепті, оқырмандарды тіркеуді жүзеге асырады;
  • студенттерге қызмет көрсету жөнінде білім беру мекемелерімен (Қостанай қ. ЖОО) келісім шарт жасайды;
  • оқырмандарды кірерде және шығарда бақылап отыру арқылы кітап қорының сақталуын қамтамасыз етеді;
  • бөлімдердің оқырмандарға қызмет көрсету жұмыстарын үйлестіріп отырады;
Сурет:Org-1.jpg
Бақылау үстелі
Сурет:Org-2.jpg
Кітапхана фойесі
Сурет:Org-3.jpg
Оқырман билеттерін беру
Сурет:Org-4.jpg
Оқырмандарды жазу және тіркеу
  • кітапхананы (төменгі қабаттағы және кіреберіс бөлмелердегі оқырмандарға арналған ақпараттарды жаңалап отыру), тақырыптық сөрелерді, кітап көрмелерін және барлық бөлімдердің жалпы іс-шараларын безендірумен айналысады;
  • кітапхана бөлімдерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыстарын үйлестіріп отырады;
  • оқырмандарды кітапхана қызметтерін пайдалану ережелерімен және оның мүмкіндіктерімен (кіреберіс бөлмеде үнемі қайталай отырып, бөлім қызметтерін жарнамалап тұратын компьютер орналастырылған) таныстырады;
  • бірыңғай тіркеу карточкасы бойынша оқырмандар құрамына талдау жасайды.
Сурет:Оқырмандардың ұлттық құрамы.jpg
Оқырмандардың ұлттық құрамы
Сурет:Оқырмандардың жыныстық құрамы.jpg
Оқырмандардың жыныстық құрамы
Сурет:Оқырмандардың білімдері бойынша.jpg
Оқырмандардың білімдері бойынша

Кітапхана 30 000 астам (бірыңғай тіркеу карточкасы бойынша – 17 000 астам оқырман) оқырманға қызмет көрсетеді. Жыл сайын келушілер саны 300 000 астам адамды құрап, басылымдарды қағаз және электронды түрде беру саны 800 000 астам данаға жетеді.

Ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі – Некрасова Вера Алексеевна.

Тел. 500-381

Бақылау үстелі – тел. 500-667

Негізгі кітап сақтау бөлімі


Кітап қорларын сақтау бөлімі баспа өнімдерін сақтайтын негізгі орын болып табылады.

Ол кітапхананың жертөлесінде орналасқан және 2 қабатты алып жатыр. Бөлімде 7 адам жұмыс істейді.

Бөлімнің негізгі міндеті: кітапхананың негізгі қорын сақтау, ұйымдастыру және пайдалану.

Негізгі қызметтері: құжаттарды сақтау, оқырмандарға қызмет көрсету, басылымдарға уақытында жөндеу жұмыстарын жүргізу және оларды қайта түптеу, құрылымдық бөлімшелердің қорларын жоспарлы тексеріп отыру, әдебиеттерді құрылымдық бөлімшелер арасында қайта бөлу, 1941-1945 жж. мерзімді басылымдарды сандық жүйеге көшіру.

Бөлімнің құрылымы: негізгі сақтау секторы, мерзімді басылымдар секторы, жаңа түсімдер секторы, сирек кітаптар секторы.

Негізгі сақтау секторы қорды пайдалану үшін қызмет көрсету бөлімдеріне ұсынады.

Мерзімді басылымдар секторы 1940 жылдан бастап қазіргі кезеңге дейінгі мерзімді басылымдарды сақтауды және пайдалануды жүзеге асырады.

Жаңа түсімдер секторы ай сайын жаңадан түскен кітаптарға көрме-шолулар ұйымдастырып отырады. Оқырмандар күн сайын жергілікті мерзімді басылымдармен таныса алады.

Сирек кітаптар қорында 1000 астам дана құжат сақтаулы тұр. Олар 8 коллекцияға біріктірілген. Жылына 4 рет аталған қордың кітаптары кітапхана ішінде ұйымдастырылатын көрмеге шығарылады.

180 px 180 px 180 px 180 px

Бөлімде сақтаулы тұрған құжаттар саны (дана):

  • Барлығы: 362.344
  • Ктаптар - 302.609
  • Газеттер - 5.235 жинақ, оның

ішінде:

  • мемлекеттік тілде – 796

(аталуы бойынша - 91),

  • орыс тілінде – 4.439

(аталуы бойынша - 313)

  • Журналдар – 54.500, с.ш.:
  • мемлекеттік тілде – 5.500

(аталуы бойынша - 86),

орыс тілінде – 49.000 (аталуы бойынша - 822).

Бөлім арқылы бір жыл ішінде берілген құжаттар көлемі:

  • Кітаптар – 10.000
  • Мерзімді басылымдар – 13.000

Бөлімнің техникамен жабдық-талуы:

  • кітапхананың жергілікті желісіне қосылған 1 компьютер;
  • А3 қалыптағы 1 сканер;
  • 1 селектор;
  • 1 телефон.

Оқу залы бөлімі


Л.Н.Толстой ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ірі бөлімшесі болып табылатын Оқу залдары бөлімінің құрылымдық бөлігі екі залдан – оқырмандардың тапсырыс бере алатын және кітаптарды пайдалануға ала алатын жалпы оқу залы мен мерзімді басылымдар залынан тұрады.

Оқу залдары бөлімі жыл сайын осында келетін 9 мыңға жуық оқырманға 35 мың данадан астам әдебиеті бар әмбебап кітап қоры мен Қазақстан мен Ресейде шығарылатын 300 астам журнал мен 115 астам газет түрін ұсына алады.

180 px 180 px 180 px 180 px

Оқу залдары бөлімі қордың мүмкіндігін көрсету жолында әр түрлі ақпараттық жұмыстарды тұрақты өткізіп келеді және осы мақсатта келесідей жұмыс түрлерін ұйымдастырады:

Сурет:2ochz.jpg
Жаңа әдебиеттер
  • Кітап көрмелері.
  • Көрме-шолулар.
  • Кітаптар мен мерзімді басылымдардың тұсаукесерлері.
  • Танымал тұлғалармен кездесу-кештер.
  • Оқырмандармен бенефистер.
  • Кітаптарға, журналдарға бейнешолулар.
  • Жазғы оқылым.

Оқу залдары бөлімінің қорлары барлық пайдаланушылардың сұраныстарын қанағаттандыруға және келесідей қызмет түрлерін көрсетуге мүмкіндік береді:

  • Алдын ала берген тапсырыс бойынша оқу залында отырып жұмыс істеу үшін білімнің барлық саласы бойынша әдебиет беру.
  • Түрлі тақырып бойынша электрондық басылымдар беру.
  • Тақырыптық және жеке «папка-досьелер» беру.
  • Залдағы ашық қордың кітаптарымен, кітап көрмелеріндегі, тақырыптық сөрелердегі кітаптармен жұмыс істеуге мүмкіндік беру.

Бұлардан басқа біздің оқырмандарымыз келесідей қосымша қызметтерді пайдалана алады:

  • Мәтінді теру және редакциялау.
  • Мәтіндерді, суреттерді, фотосуреттерді көшіру.
  • Интернет қызметін ұсыну (30 минут тегін).
  • Электрондық пошта арқылы хабарлар жіберу және алу.
  • Кітапхананың аванзалында әдебиеттердің көшірмесін түсіріп беру.

Оқу залы бөлімінің меңгерушісі – Борисенко Раиса Ивановна

Телефон: 502-527

Халықаралық кітаптар бөлімі


Ұсынады:

  • Әлем халықтарының 60 тілінде 15 мың дана әмбебап қорын.
  • Ұлт өкілдерінің мерекелері, салт-дәстүрлері туралы Ұлттық мәдениет орталықтарының әдебиеттерін, Қазақстан халықтары тілдерінің сөздіктерін.
  • Ағылшын, неміс, француз тілдеріндегі (энциклопедиялар, оқулықтар, аудио- және бейнекассеталар) қазіргі кездегі жиі қолданылатын оқу материалдарын.
  • Тіл тұңғиығын түсіну. АҚШ Әлем Корпусы волонтерлерінің қатысуымен американдық пікірталас клубы, неміс тілінің курсы (Гёте ат.институт).

Қызмет көрсету аясы:

  • Мәдени іс-шаралар: кештер,тұсаукесғерлер, тақырыптық кештер, саяхаттар, библиографиялық шолулар, кітап көрмелері.
  • Аудармалық қызметтер, тіл үйрену бойынша кеңестер.
  • Ақпараттық қызмет: библиографиялық анықтамаларды орындау.
  • Облыс кітапханаларына әдістемелік көмек көрсету.

Әріптестік:

  • Қазақстан халықтарының облыстық Ассамблеясы.
  • Қостанай облысының ұлттық-мәдени орталықтары.
  • Достық үйі
  • Гёте ат. тіл үйрену орталығы.
  • Жоғары және арнайы орта оқу орындары: шетел тілі факультеттері.

Халықаралық кітаптар бөлімінің меңгерушісі - Фёдорова Валентина Павловна.

Байланыс тел: 500-690

Кітапханаларды дамыту бөлімі


Л.Н.Толстой ат. Қостанай ОӘҒК кітапханаларды дамыту бөлімінің тарихы Қостанай облыстық кітапханасының қызметкер Мария Зиновьевна Короткихты әдіскер лауазымына тағайындау туралы шыққан 1939 ж. 01.10. № 15 бұйрығынан бастау алады. Кітапхана сол кездің өзінде-ақ облыс кітапханашыларына қолдарынан келгенше әдістемелік көмек көрсете бастады.

1950 жылдан бастап облыстық кітапхана жанынан бір жылдық оқушылық курсы ұйымдастырылды.

Алайда кітапханада мұндай жұмыспен айналысатын жеке бөлім болмағандықтан кәсіби әдістемелік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және дамыту жұмыстары бәсең жүргізілді.

1959 жылы әдістемелік бөлімі құрылды. Қостанай облысының Облыстық мәдениет басқармасының 1959 ж. 16 ақпанындағы № 20 бұйрығымен А.Ж.Мусафиров Л.Н.Толстой ат. облыстық кітапхананың әдістемелік бөлімінің бірінші меңгерушісі болып тағайындалды. Бөлім жұмысы кітапханаларға анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетуді, дінге қарсы, қорғаныс және қоғамдық-саяси әдебиеттерді таратуды ұйымдастыру жұмыстары бойынша іс жүзіндегі көмек көрсетуге бағытталды.

1962 жылы облыстық кітапхана бөлімдерінің жұмыстарын жақсарту мақсатында алғашқы Әдістемелік кеңес құрылды (1962 ж.01.01. № 3 бұйрық).

Жұмыс істеген уақыты ішінде бөлім ғылыми-әдістемелік бөлімнен кітапхана маркетингі (1998 ж.) болып қайта құрылды, ал 2005 ж. қазіргі атауына – Кітапханаларды дамыту бөліміне ие болды.

Түрлі кезеңде бөлімде меңгеруші болғандар: А.Ж. Мусафиров, В.А. Лапшин, Г.М. Павлинский, Р.Н. Приемская, Н.В. Пигарева, Л.А. Литвинова, Н.Б. Шорохова, Л.Ф. Гавергова, К. Омарова, Н.Д. Пархоменко, Е.Н.Багрянцева, қазір бөлімге С.А. Доронина жетекшілік етеді.

Қазіргі уақытта кітапханаларды дамыту бөлімі 405 мемлекеттік кітапханадан тұратын кітапханалар жүйесіне әдістемелік-ұйымдастырушылық жетекшілікті жүзеге асырады.

Бөлім мамандары кітапханалардың ұйымдастырушылық мәселелерін шешуге, олардың даму стратегияларын қамтамасыз етуге көбірек көңіл бөледі. Бөлім облыстың кітапхана қызметкерлерінің біліктіліктерін көтеруге ерекше көңіл бөледі.

Бөлімнің міндеттері:

  • Мемлекеттің кітапхана ісі саласындағы саясатын жүзеге асыруға қолдау көрсету;
  • Кітапхана ісі саласы бойынша әдістемелік жән ақпараттық қызметті жүзеге асыру;
  • Облыс кітапханашыларының кәсіби шеберліктерін көтеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

Жұмыстың ұстанымы:

Ынтымақтастық және жариялық

Біз өңірдің барлық кітапханаларымен келісуге, бірлесе жұмыс істеуге қашанда дайынбыз.

Өзгерістер мен даму

Біз өз жұмысымыздың әдістері мен стильдерін жетілдіріп, инновацияларды енгізіп отырамыз.

Жұмыс бағыты:

­ Кітапхана жүйесінің, сонымен қатар жекелеген кітапханалардың жағдайы мен дамуына талдау жасау;

­ Кеңес беру, әдістемелік және іс жүзіндегі көмектер көрсету;

­ Кітапхана жұмыстарындағы жаңалықтарды іздестіру, бағалау, дайындау және қолдану;

­ Ғылыми-зерттеу жұмыстары;

­ Кітапхана қызметкерлерінің біліктіліктерін көтеру, олардың кәсіби тұрғыдан өсе түсулерін қамтамасыз ету;

Әдістемелік құралдарды дайындау, шығару және тарату.

Біздің қызметіміз

Біз

­ сіздің кітапханаңыздың әдістемелік менеджментін қалыптастыруға,

­ оқырмандарға қызмет көрсетуді және кітапхана жүйелерін дамытуды ұйымдастыруға,

­ кітапханалық жаңа технологияларды игеруге көмектесуге дайынбыз.

Біз сіздерді

­ Қазақстанның, алыс және жақын шетелдер кітапханаларының инновациялық жұмыстарымен,

­ кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастырудағы авторлық қызықты жобалармен,

­ ақпараттық қорларды бірлесе пайдалануды ұйымдастырумен (ҚЭЖ, жиынтық электрондық каталогтар жасау және т.б.),

­ кітапхана жұмысының құқықтық тәртібімен,

­ әдістемелік жаңа әдебиеттермен таныстырамыз.

Біз

оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастырудан кітапханалық жаңа технологияларды үйретуге дейінгі кітапхана жұмысының түрлі мәселелері бойынша кеңес беру және іс жүзіндегі көмектер көрсетеміз.

Сіз

­кітапхана ісінің теориясы мен тәжірибесінің өзекті мәселелері бойынша өткізілетін вебинарлар мен семинарларға,

­«Виртуалды кеңістіктегі ақпарат мәдениеті», «Кітапхана сайтын жасау» және т.б. тақырыптар бойынша өткізілетін семинар-практикумдарға,

­кітапхана жұмысының түрлі бағыты бойынша шығармашылық зертханаларға,

­«Кітапханадағы әлеуметтік зерттеулер», «Электронды құралдар шығару технологиясы» және т.б. тақырыптар бойынша шеберлік сыныптарына қатыса аласыз.

Барлығыңызды бірлесе жұмыс істеуге шақырамыз!

Егер Сіздің кітапханаңызды дамыту қажет болса және Сіз қосымша ақпарат алғыңыз келсе,

бізбен келесі телефон бойынша хабарласыңыз:

8 (7142) 390-490 (e-mail: metod2009@mail.ru )

Жан-жақты ақпаратты бізбен жүзбе-жүз кездескенде алуға болады.

Абонементтер бөлімі


Абонемент бөлімі кітаптар мен журналдарды үйге тегін береді.

Бөлімге Қостанай қ. тіркеуде (тіркелімде) тұрған оқырмандар жазыла алады.

Бөлім кітаптардан, мерзімді басылымдардан, энциклопедиялар мен сөздіктерден тұратын көптеген салаға қатысты баспа өнімдерін ұсынады.

Бөлімнің негізгі мақсаты мен міндеттері:

  • Кітапхана қызметін пайдаланушыларға жайлы қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
  • Қазақ және әлем көркем әдебиеті шығармаларын оқырмандардың пайдалана алуларын қамтамасыз ету;
  • Тұлғаның өз бетінше білім алуына және өзін-өзі дамытуына қолдау көрсету.

Бөлімде көркем әдебиеттің (қазақ және шетел әдебиеттері, классикалық және қазіргі заманғы әдебиет) бай қоры жинақталған. Кітап қорының әлеуметтік (қоғамдық) және гуманитарлық (әлеуметтану, тарих, экономика, философия, педагогика) салаға қатысты көп бөлігі соңғы жылдары шыққан кітаптардан құрылған. Бөлім сіздің назарыңызға келесідей тақырыптық кітап көрмелері мен көпшілік сұранысқа ие әдебиеттерді ұсынады: шытырман оқиғалар, фантастика, тарих, «әйелдер романы», отбасылық кітаптар және т.б.

Сіз үйіңізге «Простор», «Наш современник», «Иностранная литература», «Крестьянка», «Знание - сила», «Здоровье» және т.б.журналдарды ала аласыз.

Бөлім материалдары ашық қорда орналастырылған. Ақпараттың баспа түріндегі нұсқаларын сөрелерден өз бетінше қарау арқылы да, электрондық каталогтың көмегімен де табуға болады.

Біздің кітапханашыларымыз сіздерге қажетті ақпаратты тауып беруге көмек көрсетуге қашанда дайын.

Бөлім қызметі:

  • Бөлім қорының әдебиеттері үйге 30 күнге, мерзімді басылым 14 күнге дейінгі мерзімге беріледі;
  • Кітапхананың негізгі кітап сақтау қорындағы құжаттармен таныстыра алады;
  • Ашық сөрелердегі кітаптар туралы кеңестер береді;
  • Тақырыптар бойынша әдебиеттерді ұсынады;
  • Тақырыптық көрмелер мен әдебиетерді іріктеуді ұсынады;
  • Кітапхана және бөлім қорында бар нақты құжат туралы анықтама береді;
  • Қызмет көрсетудің кепілдік түрін жүзеге асырады;
  • Әдебиеттерді тапсырыс бойынша сақтап қоюды жүзеге асырады.
  • Онлайн режимінде кітапты ұзарту.

Бөлім меңгерушісі Юркова Лариса Валентиновна

Тел. 500-671

Е-mail: Otd_abon@mail.ru

Өнер бойынша әдебиеттер бөлімі


Өнер бөлімі – сиқырлы саз бен әсемдік әлемі

Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер туралы әдебиеттер бөлімінде мәдениет пен өнердің сан алуан салалары бойынша әр түрлі ақпарат тасығыштарда: қазақ және орыс тілдеріндегі кітаптардың, ноталардың, күйтабақтардың, аудио және бейнематериалдардың, сондай-ақ газеттер мен журналдардың аса бай қоры жинақталған.

Қорда әмбебап анықтамалықтар, мәдениет пен өнер туралы энциклопедиялық басылымдар, библиографиялық көрсеткіштер, облыстың, республиканың өнер және мәдениет қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығы туралы тақырыптық папкалар жинақталған.

Өнер туралы залда болған кітапхана қызметін пайдаланушы кәсіби өнер мен халық шығармашылығы жөнінде мол мағлұмат ала алады. Бөлім әлемнің түрлі мұражайларының бейнелеу және қолданбалы өнер туралы коллекцияларын көрсететін әсем безендірілген альбомдарды ұсына алады. Егер сіз бос уақытыңызда шеберлігіңізді шыңдай түскенді ұнататын болсаңыз, біздің бөлімнен өзіңізге көмекші бола алатын кітаптарды таба аласыз. Мысалы, ағаш ою, тал тоқу, орман мүсіні, металл бұйымдары, макрама, моншақ тоқу, кесте тігу, құрақ жамау және т.б. туралы әдебиеттер үйіңізде отырып сүйікті ісіңізбен айналысуға жәрдем жасаса, «Дом и интерьер», «Архитектура, строительство, дизайн», «Интерьер & дизайн» секілді дизайн және сәулет өнері туралы журналдар мен кітаптарды оқып шыққанан кейін үйіңізді жаңаша жабдықтай алатын боласыз. Бөлім музыканы ұнататындарға домбыраға, қобызға, фортепианоға, аккордеонға, балалайкаға, баянға, скрипкаға, тіпті арфаға арналған ноталарды, ал үйінде отырып ән салғысы келетіндерге танымал әндер мен романстардың ноталарын ұсына алады. Бөлімде ең ірі фонотекалардың бірін сақталған және ол музыкалық шығармалармен (классикалық, эстрадалық, халықтық) қатар танымал театр қайраткерлерінің, жазушылардың, ақындардың дауыстары жазылған винилді күйтабақтарды тыңдауға ұсына алады.

Бөлім жергілікті мәдениет және өнер қайраткерлерімен қызықты кездесулер өткізіп, кәсіби және әуесқой суретшілердің көрмелерін ұйымдастырып отырады. Осындай шығармашылық ынтымақтастықтың нәтижесінде бөлім қорында бейнелеу өнері шығармаларының түпнұсқаларынан, қолдан жазылған ноталардан, автордың аудиожазбаларынан, афишалардан, көрме каталогтарынан, қолтаңбалары мен сыйға тарту туралы жазулары бар басылымдардан тұратын ерекше коллекция пайда болды.

220x120px 220x120px 220x120px

Бөлім қызметкерлері келесідей қызмет түрлерін көрсетуге қашанда дайын екендігін ескертеміз:

  • қажетті әдебиетті, партитура мен музыкалық шығармалардың жазбаларын, безендіру материалдарын, көрмеге арналған материалдарды таңдау;
  • аудиокассеталарды, CD, күйтабақтарды тыңдау;
  • аудиокассетаға, шағын дикіге немесе ықшам дискіге жазба түсіру;
  • бейнекассета немесе DVD қарау;
  • бейнежазбаларды сандық нұсқаға түсіру;
  • кинолекторий ұйымдастыру;
  • шығармашылық жұмыстардың көрмесін ұйымдастыру.

Бөлім меңгерушісі – Төлекова Ләззат Жақсылыққызы

Телефоны:500-741

Қазақ тіліндегі әдебиеттер бөлімі


Бөлімнің тарихы 1991 жылдан басталады. Бөлімнің құрылу мақсаты – ол қазақ тілінің жан-жақты дамуын, ҚР тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін оқып білу.

Кітап қоры өте бай және әмбебапты, 120 атаудан артық мерзімдік басылымды, 58 000 артық дананы құрайды.

Егерде қазақ тілінде қарым-қатынас жасағыңыз келсе – бізге келіңіздер! Қазақ тілін үйреніндер, толықтырындар және жетілдіріндер. Біз сіздерге аудио және видео таспаларын, өздігінен үйреткіштерді, сөздіктерді, тілдескіштерді, оқулықтарды ұсынамыз. Сізге мәтінді аудару немесе кеңес алу керек пе? Келіңіздер, біз сіздерге көмектесеміз!

Сіз өзіңіздің ой өрісіңізді кеңейткіңіз келіп және жаңа достар тапқыңыз келе ме? Біздің қаланың қалаулы адамдарымен жүргізілетін кездесулерге, шығармашылық кештерге, тұсау кесерлерге, дөңгелек үстелдерге, оқырмандар конференцияларына келіңіздер. Сіздер үшін «Шапағат» клубы жұмыс істейді.

Қорларға жол көрсеткіші ретінде алфавиттік және жүйелік каталогтары, «Қазақстан» каталогы, электрондық және карточка түрінде «Қостанай облысы» атты өлкетану картотекасы болып табылады.

Сіздің қызметіңізде қорға ашық кіруге болатын үлкен оқырман залы бар. Онда әртүрлі мерзімдік басылымдар, тақырыптық папкалар, портреттер ұсынылған.

Бұдан да көп білгіңіз келе ме? Біздің сайтқа кіріңіздер және бізге келіңіздер! Сіздерді көруге әрқашанда қуаныштымыз!

200x180px 200x180px 200x180px 200x180px 200x180px 200x180px 200x180px

Бөлімнің меңгерушісі – Катаева Гүлнар Сұлтанқызы.

Тел. 500-687

Ақпараттық-библиографиялық бөлім (АББ)


Бөлімнің тарихы дегеніміз – бұл кітапхананың анықтамалық-библиографиялық жұмысының жүргізілу тарихы. Бөлімнің тарихы кітапхана құрылымының жеке бірлігі ретінде құрылғаны 1977 ж. басталады. Бөлімде 5 қызметкер жұмыс істеген болса, қорда 7288 құжат болды.

Алайда кітапхананың библиографиялық жұмысы бұдан ерте басталған деген де дерек бар. Облыстық кітапхананың 1942 ж. жұмысының жылдық есебі берілген мұрағат құжаттарында кітапхана А.П. Вертинскаяның қолымен жазылған «Кітапхананың библиографиялық жұмысы 1941 ж. тамызында басталды. Сипаттама берілетін газеттер мен журналдардың тізімі жасалынды. Журналдар 1938 ж., газеттер 1941 ж. 22.04. бастап» деген мәлімет сақталған.

АББ қазіргі кезде көрсететін қызмет түрлері:

  • барлық пайдаланушыларға ақпараттық, библиографиялық және анықтамалық қызмет көрсету;
  • кітапхананың анықтамалық аппаратын жүргізу;
  • толық мәтінді ДБ қалыптастыру;
  • басылым жұмыстары;
  • облыс кітапханаларына ғылыми-әдістемелік кеңестер беру;
  • толық мәтінді «Параграф» және «Заң» ДБ бойынша құқықтық ақпараттар беру;
  • анықтамаларды орындау (тақырыптық, анықтайтын, фактографиялық, статистикалық және т.б.);
  • виртуалды анықтамалық қызмет көрсету;
  • ККҚО, республикалық жинақты ЭК құрастыруға қатысу;
  • қордағы 8436 түрлі құжатты ұсыну.

Бөлім ұжымы анықтамалық-библиографиялық аппаратты жасайды:

Үлгі:URL<ref name="ek">Электрондық каталог кітапханасы</ref> 2001 ж. қаңтарынан бастап жүргізіліп келеді. Онда кітапхананың қазақ және орыс тілдерінде жаздырып алатын қазақстандық және ресейлік газеттері мен журналдарынан алынған материалдар көрсетілген.

Барлық пайдаланушылар үйлерінде отырып-ақ кітапхана қорында бар кітаптар мен мерзімді басылымдар туралы қажетті ақпаратты алуы үшін Үлгі:URL<ref name="ek">Электрондық каталог кітапханасы</ref> кітапханамыздың сайтына шығарылған.

ЭК бірге карточкалық каталогтар мен картотекалар жүргізіліп келеді:

  • «Қазақстан» елтану каталогы. Кітаптар, кітапшалар, мақалалар енгізілген бұл каталогта Қазақстанға қатысты мейлінше толық ақпарат жинақталған. 1956 ж. жүргізілген каталогтың хронологиялық жазбалары 1941 ж. басталады (2009 ж. шілдесінен бастап библиографиялық жазбалар тек электрондық нұсқада жүргізіледі).
  • «Қостанай облысы» картотекасы кітапханадағы облысқа арналған материалдардан тұрады. Олар негізінен қазақ және орыс тілдерінде мерзімді басылымда жарияланған мақалалар. Картотека 1956 ж. жүргізіліп келеді, хронологиялық жазбалар 1941 ж. басталады (2009 ж. шілдесінен бастап библиографиялық жазбалар тек электрондық нұсқада жүргізіледі).
  • Мақалалардың жүйелік картотекасында кітапханаға түсетін ресейлік газеттер мен журналдардың материалдары көрсетіледі. Картотека 1955 ж. жүргізіледі, хронологиялық жазбалары 7 жылды қамтиды (2004 ж. мамырынан бастап библиографиялық жазбалар тек электрондық нұсқада жүргізіледі).
Сурет:4ibo.jpg
«Қазақстан» елтану каталогы
Сурет:6ibo.jpg
«Қостанай облысы» картотекасы
Сурет:5ibo.jpg
'Мақалалардың жүйелік картотекасында

Бөлімнің ерекшелігі қорының әр жақтылығы болып табылады.

Бөлімнің қоры анықтамалық әдебиеттерден тұрады. Олар негізінен сөздіктер, анықтамалықтар, әр жақты және салалық энциклопедиялар, библиографиялық басылымдар, кітап және газет мақалаларының жылнамалары.

Құрметті пайдаланушылар!

АББ қорында не бар екендігін білгіңіз келе ме?

Бұл жерде елтану және әлемдік сипаттағы, Қазақстанның саясаты мен экономикасы, тарихы мен әдебиеті, өсімдік және жануарлар әлемі туралы әр жақты бірегей әдебиет жинақталған.

Сіз тек біздің бөлімнен ғана еліміз туралы жан-жақты ақпарат ала аласыз.

Бұл жерде:

«Новая энциклопедия», «Менің Қазақстаным», «Мәдени мұра»

серияларымен шыққан кітаптар жинақталған.

Рекордтар кітабы, энциклопедиялар, түсіндірме, тілдік және тақырыптық сөздіктер – бұлардың барлығын тек АББ таба аласыздар.

Сіздің кез келген сұрағыңызға біздің кітаптардан жауап табуға болады.

Өлкетану – бөлім жұмысында басымдық берілетін бағыттардың бірі.

Бөлім қорында Қостанай облысы бойынша негізгі әдебиеттер жиналған.

Сурет:11ibo.jpg
Өлкетану
Сурет:12ibo.jpg
Тақырыптық көрсеткіштер
Сурет:13ibo.jpg
Үлгі:URL ақпараттық жүйесі <ref name="paragraf">"Параграф" электронды деректер базасы</ref>

Қостанай облысы, оның тарихы мен бүгінгі өмірі, оның халқы мен облыста болып жатқан оқиғалар бөлімнің басылым жұмысында көрініс тауып отырады.

1973 ж. «Қостанай облысының атаулы күндері және оқиғалар күнтізбегі», 1981 ж. «Қостанай қ. кітапханаларының алатын газеттері мен журналдарының жинақты каталогы» жыл сайын шығып келеді.

Қостанайлық танымал тұлғаларына арнайы көрсеткіштер тұрақты шығарылып келеді:

  • Қостанай қ. құрметті азаматтарының,
  • Қазақстанның Еңбек Ері С. Б. Бұқановтың және т. б.

Тақырыптық көрсеткіштер:

  • Қостанай облысының тарихы (75 жылдыққа орай),
  • Баспасөз бетіндегі Қостанай облысы,
  • облыстың тарихи және мәдени ескерткіштері және т. б.

Аталған барлық библиографиялық құралдар кітапхана сайтына орналастырылған.

Үлгі:URL<ref name="paragraf">"Параграф"</ref> және "Заң" деректердің бірегей электронды базасынан құқықтық ақпарат ала аласыз.

Бұл жерден нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерінен басқа

  • заңдарға берген заңгерлер түсініктемелерімен, Жоғарғы Сот пен Республиканың басқа да соттарының шешімдерімен,
  • сот істеріне шолулармен, халықаралық құқықтың құжаттарымен,
  • құқықтық және іске қатысты құжаттар мен басқа да құжаттардың үлгілерімен танысуға болады.

Виртуалды анықтамалық қызмет

Кітапханада оқырмандарға анықтамалық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын «Виртуалды анықтамалық қызметі» жұмыс істейді. Қашықтағы пайдаланушылармен жұмыс істеу үшін жасалған бұл қызмет кітапханашы мен пайдаланушының қажет кезінде байланысқа шығуына мүмкіндік береді. Пайдаланушы ақпарат іздеуде жедел кәсіби көмек алады, қажетті мәліметтердің бір бөлігін күні бұрын ала отырып кітапханадағы жұмыс уақытын үнемдейді. Қостанай ОӘҒК виртуалды анықтамалық қызметі біздің бөлімде құрылған және осы жерде жұмыс істейді. Бір тапсырыс 3 күнге дейінгі мерзімде орындалады.

Сіздерге қызметтің түр-түрін қуана-қуана ұсынамыз!

Қызметкерлер саны – 10.

Кітапханалық жоғары білімділер – 5.

Педагогикалық (филологиялық) жоғары білімділер – 4.

Кітапханадағы орташа еңбек өтілі – 22 жыл.

Бөлім қызметкерлерінің жұмысы алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен және медальдармен атап өтілді.

Тел. 500-704

E-mail: Otd_abon@mail.ruibokostounb@mail.ru

Кітапханалық процесстерді автоматтандыру және механизациялау бөлімі


Кітапхана үрдістерін автоматтандыру және механикаландыру бөлімі кітапханадағы ақпараттық – библиографиялық үрдістерді автоматтандыру саласы бойынша кеңес беруді, іс жүзінде көмек көрсетуді, басқа да ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыратын бөлім.

Бөлімнің қызмет аясы:

  • кітапхана бөлімдеріндегі компьютерлердің бағдарламаларын орнату және жұмыс істеулерін қамтамасыз ету;
  • орталықтандырылған жергілікті есептеу жүйесін жасау және оның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
  • кітапхананың басқа бөлімдерімен бірге электронды ақпараттық қорларды жасақтау және оларға кез келген пайдаланушының қол жеткізуіне мүмкндік тудыру;
  • облыс кітапханаларына кітапхана үрдістерін автоматтандыру мәселелері бойынша әдіскерлік және іс жүзінде көмек көрсету.

Бөлім үш бөліктен тұрады: оқырмандарға қызмет көрсету, құжаттарды электронды түрде жеткізу және техникалық қызмет көрсету бөлімдері.Оқырмандар үшін ақпараттық-қызмет бөлмесі жұмыс істейді және келесі қызметтерді ұсынады:

  • электронды көшіру,
  • техникалық жабдықты жалға беру,
  • электронды ақпарат тасығыштарға (CD, DVD, флэш-жинағыш) жазу,
  • басып шығару.

Құжаттарды электронды түрде жеткізу бөлімі оқырмандарға Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының ірі кітапханаларынан ақпарат көздерін электронды түрде (мерзімдік басылымдар мақалалары, кітаптардың тараулары, диссертациялардың аворефераттары және т.б.) ұсына алады.

Бөлім қоры есептеу техникалары, Интернет, ақпараттық технология, ақпараттану бойынша кітаптармен, журналдармен және электронды ақпарат тасығыштармен жабдықталған. Түрлі сала бойынша CD және DVD-дискілерге жазылған электронды оқулықтармен қамтамасыз етілген.

Автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі - Гришина Светлана Салаватовна.

Тел.: 500-363

Көрме-бұқаралық жұмыс бөлімі


Сурет:Нделя книги.JPG
Кітап апталығы
Сурет:Неделя книги Ел таныган есімдер.JPG
"Ел таныған есімдер" кітап апталығы

Л.Н.Толстой ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы құрылымының негізгі бөлімдерінің бірі болып табылады.

Жұмыстарының негізгі бағыттары:

  • кітапханада қоғамдық ұйымдармен, қаланың кәсіпорындарымен және мекемелерімен бірлесе отырып бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру;
  • облыстың белгілі ақындарының және жазушыларының кітаптарының тұсаукесерлерін өткізу;
  • тақырыптық көрмелерді дайындау және ұйымдастыру;
  • БАҚ кітапхана жұмыстары туралы ақпараттар беру;
  • ЖОО студенттерін кітапхана жұмысымен таныстыруды ұйымдастыру;
  • кеңесулер, конференциялар, семинарлар жұмысына қатысу;
  • өндірістік жұмыстар бойынша есеп берулерге және жоспарлар жасауға қатысу.

Бөлім ішінде облыстың ақындарымен және жазушыларымен бірлесе жұмыс істейтін Үлгі:URL<ref>Л.Н.Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Әдеби кеңес орталығының» сайты</ref> жұмыс істейді. Орталық жұмысында әдебиетшілердің байқауы ерекше орын алады.

Жас авторлардың «Өркенде де, жайнай бер, туған елім Қазақстан» шығармашылық байқауы тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Ол шығармашылықпен айналысатын жастардың Халықаралық «Шабыт» байқауына іріктеу кезеңі болып табылады.

Сурет:Видео мост Қостанай Көкшетау.JPG
"Қостанай-Көкшетау" бейнекөпірі
Сурет:Встреча с представителями издательство Фолиант г.Астана.JPG
Астана қ. "Фолиант" баспасының өкілдерімен кездесу
Сурет:Встреча со спортсменами.JPG
Спортшылармен кездесу
Сурет:Круглый стол Прокуратура на страже закона.JPG
"Заң прокуратура назарында" дөңгелек үстелі

Бөлім меңгерушісі – Дауренбекова Дарига Аскаровна

Тел. 500-322

E-mail: lit-center@mail.ru

Құжаттар қоры

Кітапхананың әмбебап құжаттар қоры 539 322 дананы құрап, оның 57 893 данасы мемлекеттік тілде сақталуда және бұл облыс аймағындағы ең ірі қор болып табылады.

Кітапхана қоры келесі бөлімдерден тұрады:

  • кітаптар - 437 207,
  • кітапшалар - 5 916,
  • мерзімдік басылымдар - 75 856,
  • нота басылымдары – 8 229,
  • бейнелеу өнері басылымдары,
  • аудио және бейне материалдар (күйтабақтар, магниттік таспалар, диафильмдер) - 10 676,
  • электронды ақпарат тасығыштар - 1 232,
  • картографиялық басылымдар - 196,
  • сирек басылымдар - 1 305.

Қор қазақ, орыс, шетел және ТМД халықтарының тілдерінде жинақталған. Жыл сайын 10 000 данадан артық басылым өнімдері, соның ішінде газеттің 120 астам түрі, журналдың 450 астам түрі мемлекеттік, орыс және шетел тілдерінде алынып тұрады.

Сирек басылымдар

Кітапхана өзі жұмыс істеген жылдары қордың шын мәнінде інжуі болып табылатын, құндылығы жағынан теңдесі жоқ сирек басылымдарды жинақтауға қол жеткізді. Кітаптардың сирек қоры кітапты сақтау бөлімінің құрамына кіреді. Бұл басылымдарға жеке бөлме бөлініп, олар басқалардан бөлек ұсталады және мұқият күзетіледі. Қазіргі кезде қорда әрқайсы өзінше құнды 600 астам кітап бар. Сирек қорда немесе кейбіреулер атап жүргендей «құнды қорда» бірнеше басылым жинақтары сақтаулы.

Каталогтар және қорлар

Кітапхананың каталогтар мен картотекалар жүйесі - кітапхана қорының түрлі аспектілерінен хабар беретін, жоспарлы түрде ұйымдастырылған, бірін-бірі толықтырып тұратын кітапхана каталогтары мен библиографиялық картотекалардың жиынтығы. Каталогтар мен картотекалар жүйесі-біртұтас ұйым.

Каталогтар мен картотекалар жүйесіне қосылғандар: электронды, оқырмандар және қызмет көрсету каталогтары, оқырмандар картотекалары. Электронды каталогтар қазақ, орыс және басқа тілдерде орындалады.

Оқырмандар каталогтары:

  • Қазақ, орыс және басқа тілдердегі электронды каталогтар;
  • Қазақ, орыс және басқа тілдер бойынша үш бөліктен тұратын оқырмандардың жүйелі каталогы;
  • Оқырмандардың қазақ, орыс және басқа тілдердегі алфавиттік каталогы;
  • Сирек кітаптардың алфавиттік каталогы;
  • «Қазақстан» елтану каталогы;
  • Ноталардың алфавиттік каталогы;
  • Дыбыс жазудың алфавиттік каталогы;
  • Дыбыс жазудың «Қазақстандық» алфавиттік каталогы;
  • Дыбыс жазудың «Қазақстандық» жүйелі каталогы;
  • Аудио және бейне материалдардың (CD-ROM-дар, бейнекассеталар) алфавиттік каталогы;

Қызмет көрсету каталогы:

  • Қазақ, орыс және шетел тілдері бойынша екі бөлімнен тұратын негізгі алфавиттік каталог.

Оқырмандар картотекалары:

  • Қазақ, орыс және басқа тілдердегі мақалалардың жүйелі каталогы.
  • Қазақ және орыс тілдеріндегі «Қостанай облысы» өлкетану картотекасы.
  • 2001 ж. дейінгі көркем әдебиет шығармалары атауларының алфавиттік картотекасы.
  • Ноталық басылымдардың алфавиттік картотекасы.
  • Қазақстандық ноталық басылымдардың алфавиттік картотекасы.
  • Дыбыстық жазбалардың тақырыптық картотекасы.
  • Шетел тіліндегі сұхбаттар тақырыптарының картотекасы.
  • Тілін үйреніп жүрген елдің картотекасы.
  • Шетел тілдерін үйреніп жүрген оқырмандар үшін әндер мен өлеңдер картотекасы.
  • Өлеңдердің, дәйексөздердің, безендірулердің, мамандықтардың, пікірсараптардың тақырыптық картотекалары.

Үлгі:URL<ref name="ek">Электронный каталог Костанайской областной универсальной научной библиотеки им. Л. Н. Толстого</ref> 2001 жылдан бастап қазақ, орыс және басқа тілдерде жүргізіліп келе жатыр. Ол каталогтар бөлмесінде орналасқан. Каталогтың көлемі 2013 жылдың 01 қаңтар қарсаңында 458 924 библиографиялық жазбаны құрады. Каталогта әртүрлі құжаттар: кітаптар, мақалалар, CD және басқалар көрсетілген.

Кітапхананың негізгі жетістіктері

Сурет:Dostizheniya4.JPG
«Америка бұрышы» АРО
  • «Қырым-2001 г.», «Қырым-2002», «Қырым -2006» «Қырым-2008» «Қырым-2011», «Қырым-2012», «Қырым-2013» (Қырым Республикасы) халықаралық конференцияларына қатысу.
  • «Электронды кітапхана және халықаралық әріптестік» халықаралық семинары өткізілді. Ресейлік-қазақстандық «Шекарадағы кездесулер» жобасы жұмыс істейді (2008).
  • Педагогика ғылымдарының кандидаты, Мәскеу мәдениет жән өнер институтының электронды кітапханалар, ақпараттық технологиялар мен жүйелер кафедрасының профессоры В.К.Степановтың қатысуымен интернет-семинар өткізілді (2010).
  • РАБИС желісінің электронды каталогы жасалды (қаңтар, 2001).
  • Сайт жасалды (тамыз, 2001).

Үкіметтік марапатқа ие болғандар:

  • Қазина Г.Ғ. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), М. Шолохов ат. «За гуманизм» (2004), «Мәдениет қайраткері» медальдары (2012), «Кітапхана ісінің шебері» омырау белгісі (2011);
  • Потрясилова А.Б. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2002);
  • Ким В.А. «Мәдениет қайраткері» омырау белгісі (2002);
  • Бексұлтанова В.К. «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалі (2005).
Сурет:Dostizheniya1.JPG
Л.Толстой ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» құрметті белгісіне ие болды, 2012 ж.
Сурет:Dostizheniya2.JPG
Кітапхананың ғылыми хатшысы Дүйсебаева Дариға Төребайқызы Қостанай облысы әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды, 2012 ж.
Сурет:Dostizheniya7.JPG
Бексұлтанова В. К. – кітапхана ісінің ардагері
Сурет:Dostizheniya6.JPG
Потрясилова А. Б. – кітапхана ісінің ардагері

"Кітапхана өмірі" фотокөрмесі

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы