Ләтипа Мұңайтпасқызы Қожықова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қожықова Ләтипа Мұңайтпасқызы (1892, қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы– 1.4.1960, Алматы) – сән және қолданбалы өнер шебері, КСРО, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (1957).

Өмірбаяны

Ауыл мектебінде оқыған. Қоңырқожа Қожықовқа тұрмысқа шыққан. Түркістан Республикасы ОАК Ташкентте ашқан Қазақ педогогикалық училещесіндегі көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысқан. Үйірме мүшелерінің күшімен “Шығыс кештері” ойын-сауық бағдарламасы бойынша әзірленген “Біржан – Сара” спектаклінде (реж. Д.Әділов) Сараның анасының рөлін ойнаған (1921). 1925 – 36 жылы Қазақ драма театрында, 1936 – 58 жылы Абай атындағы Опера және балет театрында қызмет етті. Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеуде өткен онкүндігіне қатысқан (1936). 1937 – 38 жылы ері Қоңырқожа, үлкен ұлы Қожахмет және жақын туыстары саяси қуғынға ұшырағанда мойымай, шығармашылық өнерін дамыта түсті. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Ф.Рузвельтке сыйға тартылған, Мемлекеттік тапсырыспен Қожықова Ләтипа Мұңайтпасқызы тіккен қазақтың ұлттық киімдері қазір АҚШ-тағы Рузвельт музейінде, сондай-ақ, ежелгі қазақ қолөнері дәстүрінде тоқылған сәндік бұйымдары мен ұлттық киім үлгілері Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы Өнер музейі мен Қазақстан республикасының облысы музей қорларында сақтаулы.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>


Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}