Ләззат Әзімқызы Тәлімова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Ләззат Әзімқызы Тәлімова — экономика ғылымының докторы (2011), профессор (2011).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1966 жылы 4 сәуірде Жамбыл облысында туған.

Қарағанды мемлекеттік университетін (1989, қазіргі Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті), Ресей мемлекеттік қаржы академиясының аспирантурасын (1995), Қарағанды экономика университетінің докторантурасын (2010) бітірген.
1990-92 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінде аға оқытушы, 1994-95 жылдары Мәскеу қаласындағы "Тан-ЛТД" ЖШС-де бас бухгалтер, 1995-2002 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінде доцент, "Алаш" АҚ-да бас бухгалтердің орынбасары, департамент бастығы, 2002-06, 2010-11 жылдары Қарағанды эконимика университетінде кафедра меңгерушісі, профессор қызметтерін атқарды. 2011 жылдан кафедра меңгерушісі.

Ғылыми бағыты, еңбектері

2010 жылы "Қазақстан экономикасын инновациялық дамытудың қаржылық-экономикалық механизмі: генезис, әдістері және басымдықтар" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
95 ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монография, 4 оқу құралының авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер