Ләззат Тежебайқызы Күнгейбаева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Спортшы Үлгі:Медальдар Үлгі:Медальдар Үлгі:Медальдар Ләззат Тежебайқызы Күнгейбаева (4 желтоқсан 1987, Шардара) — Бокс, сондай-ақ дзюдо, самбо және белдік күресіне маманданған қазақстандық спортшы. 2016 жылғы бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионы. Бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.

Спорттық атақтары

  • Бокстан еңбек сіңірген спорт шебері
  • Самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері
  • Белдік күресінен спорт шебері
  • Дзюдодан спорт шебері

Өмірбаяны

Ләззат 1987 жылы 4 желтоқсанда Шардара қаласында дүниеге келді. Сарыағаш қаласындағы №73 орта мектепті бітірген. Жоғары білімді Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша алды. Ол спортқа 19 жасында әкесінің бастамасымен келді. Кішкентай кезінен сурет салуға әуестеніп, сәулетші болуды армандаған. Бала кезінен оның физикалық ерекшеліктері көптеген спорт жаттықтырушыларын алаңдатып, ата-анасына қызын спорт секциясына жазуды бірнеше рет ұсынған.

Бокстағы спорттық жетістіктер

  • Кәмшат Дөненбаева атындағы бокстан әйелдер арасындағы халықаралық турнир. Қостанай, 2010 (2-орын)
  • Менгерей Хайрутдинов атындағы бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы халықаралық турнир. Алматы, 2010 (1-орын)
  • Бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты. Қызылорда, 2010 (1-орын)
  • Бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты. Көкшетау, 2011 жыл (Қазақстан халықтарының III жазғы спартакиадасы аясында) (1-орын)
  • Ерлер мен әйелдер арасында Серік Қонақбаевтың жүлдесі үшін бокстан ХІХ халықаралық турнирі. Павлодар, 2011 (1-орын)
  • Әйелдер арасындағы бокстан «Астана 2011» ІІ халықаралық турнирі. Астана, 2011 (1-орын)
  • Бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты. Атырау, 2012 (1-орын)
  • Фарман Салмановты еске алуға арналған мұнайлы елдер арасында бокстан әлем чемпионаты. Сургут, Ресей, 2011 (3-орын)
  • Бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты. Ұланбатыр, Моңғолия, 2012 (2-орын)
  • Менгерей Хайрутдинов атындағы бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы халықаралық турнирі. Алматы, 2012 (1-орын)
  • Бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты. Щучинск, 2014 (1-орын)
  • Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты. Чеджу, Корея Республикасы, 2014 (2-орын)
  • Бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты. Ұланқаб, Қытай, 2015 (3-орын)
  • Бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты. Шымкент, 2015 (1-орын)
  • Бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты. Астана, 2016 (1-орын)
  • Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты. Астана, 2016 (1-орын)
  • Бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты. Астана, 2017 (1-орын)
  • ТМД елдері кубогы. Щучинск, 2017 (1-орын)
  • Бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты. Хошимин, Вьетнам, 2017 (3-орын)
  • ТМД елдері кубогы. Щучинск, 2018 (1-орын)
  • Силезиядағы әйелдер арасындағы бокстан XIII халықаралық турнирі. Гливице, Польша, 2018 (1-орын)
  • Бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты. Астана, 2018 (1-орын)
  • Бокстан Азия чемпионаты. Бангкок, Таиланд, 2019 (3-орын)
  • Бокстан «Ұлттар кубогы» халықаралық турнирі. Сомбор, Сербия, 2019 (1-орын)<ref>Үлгі:Cite web</ref>
  • Бокстан әйелдер арасындағы ҚР Спартакиадасы. Шымкент, 2019 (2-орын)<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Күрестегі спорттық жетістіктер

  • Самбодан қыздар арасында Қазақстан чемпионаты. Көкшетау, 2007 ж. (1-орын);
  • Самбодан қыздар арасында Азия чемпионаты. Ташкент, 2007 ж. (1-орын);
  • Самбодан жұлдыздар арасындағы Азия чемпионаты. Ташкент, 2007 ж. (1-орын);
  • Жастар арасында белбеу күресінен Қазақстан чемпионаты. Астана, 2007 ж. (1-орын);
  • Ересектер арасында белбеу күресінен Қазақстан чемпионаты. Астана, 2007 ж. (1-орын);
  • Ересектер арасында белбеу күресінен Қазақстан чемпионаты. Астана, 2008 ж. (1-орын);
  • Самбодан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты. Алматы, 2008 ж. (1-орын);
  • Самбодан ересектер арасындағы Азия чемпионаты. Ташкент, 2008 ж. (1-орын);
  • Самбодан жұлдыздар арасындағы Азия чемпионаты. Ташкент, 2009 ж. (2-орын);
  • Самбодан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты. Орал, 2010 (1-орын);
  • Дзюдодан әйелдер арасындағы Астана чемпионаты. Астана, 2009 ж. (1-орын);
  • Әйелдер арасындағы дзюдодан Қазақстан чемпионаты. Талдықорған, 2009 ж. (2-орын);
  • Б. Сейсенбаев атындағы дзюдодан әйелдер арасындағы халықаралық турнир Павлодар, 2009 ж. (1-орын);

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер