Лұқпан Қылышұлы Қылышев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Лұқпан Қылышұлы Қылышев (14.3.1909 жыл, Шыңғырлау ауданы - 1991 жыл, Алматы) — ғалым, Биология ғылымдарының докторы (1957), профессор (1959), Қазақстан FA-ның корреспондент-мүшесі (1959), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1974).
Өмірбаяны
- ҚазПИ-ді бітірген (1935).
- 1942 жылдан Қазақстан ҒА-да (1946 жылға дейін КСРО FA-ның Қазақ Филиалы)
- Ботаника институтының Биохимия зертханасын (1944-1952)
- 1952-1955 жылдары осы FA-ның Ботаника бағының директоры.
- Молекулалық биология және биохимия институтының алколоидтар биохимиясы зертханасын (1983-1986) басқарды
- 1986 жылдан сонда ғылыми кеңесші.
Ғылыми еңбектері
Негізгі ғылым еңбектері өсімдіктер биохимиясына арналған.
- Алколоидтар (пиридин, хинолизидин, изохинолин) мен фенол қосылыстары биосинтезі саласында іргелі зерттеулер жүргізіп, олардың нәтижелерін өндіріске енгізді
- ғылымға беймәлім жаңа ферменттер (анабазиноксидаза, никотин және лупининдегидрогенеза) ашып, оларға сипаттама берді
- көміртегімен таңбаланған алколоидтер алу әдісін тапты;
- республиканың оңтүстігінде өсетін иілік өсімдіктер мен құрамында аллколоидтары бар өсімдіктердің өнеркәсіптік қорын анықтап, оларды ғылыми тұрғыдан бағалады
- итсигек пен дәрмененің мәдени плантацияларын жасау әдістері
- Шымкент химия-фармацевтикалық зауытындағы өндірістік қалдықтарды органикалық тыңайтқыш және отын ретінде пайдалану жолдарын анықтады;
- Өсімдіктерінің тұздан улануы механизмін ашты.
Марапаттары
- «Халықтар Достығы» орденімен
- бірнеше медальмен марапатталған.
Шығармалары
- Биология анабазиса безлистного, А.-А., 1961;
- Микробиологические окисления анабазиса, А.-А., 1977;
- Флавоноиды растений, А.-А., 1978 (авторларының бірі).<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}