Леонид Федорович Семенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Леонид Федорович Семенов (1901-1986), өлке танушы, Қарағанды облысы өлкетану мұражайының негізін қалаушы. Петропавл реалдық училищесін бітірген (1919). Ақмолада 1923 ж. өз ынтасымен уездік мұражай ашып, кітапхана мен мұражай меңгерушісі болды. 1937 ж. Қарағанды облыстық мұражайының (1938 жылдан өлкетану мұражайы) директоры болып тағайыедалып, осында зейнеткерлікке шыққанша істейді. 1940 ж. профессор С.В. Кисилевтің (Мәскеу) басшылығымен Қарқаралы ауданында қазба жұмыстарын жүргізіп, Бесоба маңынан бес оба табады. Соғыс жылдары мұражайдың Бұқаралық қорғаныс жұмысына арналған мақаласы «Республика мәдениет мекемелерінің жұмыс тәжірибесі» (1942) жинағында жариялады. Облыстық мұражайда Семенов жинаған өлке тану материалдары, Қарқаралы уезі, округі, ауданының шежіресі, 1986-1976 ж. кезең шежіресіне арналған фольклорлық материалдар, «1868-1945 ж. тарихи-революциялық оқиғалар» картасына түсініктемесі сақталған.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}