Леонид Алексеевич Жуков
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Леонид Алексеевич Жуков (8.4. 1890, Мәскеу қаласы - 3.11.1951, сонда) - балетмейстер, балет артисі, Ресейдің еңбегі сіңген артисі (1933). Мәскеу театр училищесін бітірген (1909). 1937 - 39 ж. Қазақ академиялық опера және балет театрында биші әрі балетмейстер болып қызмет істеп, осында П.И. Чайковскийдің "Аққу келі" балетін және қазақтың тұңғыш ұлттық балеті "Қалқаман - Мамырды" (1938, музыкасы В.В. Великановтікі) қойды. Жуков қазақ балетінің дамуына белсене араласып, ұлттық кадрлар дайындауда елеулі еңбек етті.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965260958</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала