Қорғантұз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚорғантұзҮлкен Борсық құмының батыс бөлігіндегі сор алқабы. Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Аққайтым ауылының оңтүстік-батысында 8 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 170 метр биіктікте жатыр. Батыстан шығысқа қарай ендік бағыт 11 км-ге созылған, енді жері – 4,5 км. Солтүстігінде Лақалы, батысында Шамсор көлдері, оңтүстігінде Шолақжидесор соры, шығысында Төлебай, Аққора, Әбубаз қыстаулары бар. Сор етегінде артезиан құдықтары орналасқан.<ref>«Атамекен» географиялық энциклопедия.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер