Көпжасар Нәрібайұлы Нәрібаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Ғалым Көпжасар Нәрібайұлы Нәрібаев (3 маусым, 1938 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылында туған) — экономист - ғалым, жоғарғы мектеп ұйымдастырушысы, қоғам және саяси қайраткер. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1996). ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Академигі, Экономика ғылымдарының докторы, профессор.
Бірнеше Халықаралық және шетелдік ғылым академиясының академигі. Қазақстан Білім Беру ісінің Құрметті қызыметкері. ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Экономика Институтының аға ғылыми қызыметкері (2006 жылдан).
Мазмұны
Толығырақ
- Көпжасар Нәрібайұлы 1938 жылы 3 маусымда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылында дүниеге келген.
1964 жылдан Алматы халық шаруашылық институтында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, факультет деканы, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор қызметтерін атқарды. 1976 – 87 жылдары Қазақ КСР Жоғары және арнаулы орта білім министрінің орынбасары, министрі, 1987 – 90 жылдары Қазақстан ҒА Экономика институтында жетекші ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1990 – 91 жылы Қазақ КСР Министер Кеңесінің Экономикалық реформалар жөніндегі Мемлекеттік Комиссиясы төрағасының орынбасары. 1991 – 2001 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың ректоры, 2001 – 02 жылы ҚР Премьер-министрінің білім және ғылым саласы бойынша кеңесшісі. 2002 жылдан Алматы технологиялық университетінің оқу-әдістемелік мәселелері және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры. Нәрібаев бухгалтерлік есеп негіздері, оны ұйымдастыру, есеп ақпаратын өңдеу әдістемесі, экономикадағы ғылыми зерттеулер әдістемесі, халықар. экон. қатынастар, экономиканы басқару, білім беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша 260-тан астам ғылыми еңбектер жазды, оның 30-ға жуығы монографиялар, оқулықтар мен оқу құралдары. Бірқатар еңбектері АҚШ,Англия, Германия,Франция, т.б. шет мемлекеттерде жарық көрді. 10 (1983) және 11 (1987) сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.
- 2000 ж. Англиядағы халықаралық Кембридж орталығында Нәрібаевқа “Халықаралық жыл адамы” деген құрметті атақ берді, 2001 жылы осы орталық оны халықаралық аса көрнекті 500 қайраткер – “ХХІ ғасырдың негізін қалаушылар” қатарына қосты.
Білімі
- 1955 – 1960 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің экономика факултетінде;
- 1960 – 1963 жылдары, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Мәскеу қаржы институтының Қаржы университетінің аспирантурасын бітірген.
Ғылыми атақтары
- 1980 жылы Экономика ғылымдарының докторы (ғылыми атағы берілді);
- 1982 жылы профессор (ғылыми атағы);
- 1994 жылы Мәскеу Халықаралық Жоғары мектебінің Ғылым академиясының академигі.
- 1995 жылы Қазақстан Халықаралық Жоғары мектебінің Ғылым академиясының академигі.
- 1996 жылы Украина экономика ғылым академиясының академигі.
- 1998 жылы Еуразия Халықаралық экономикалық академиясының академигі
- 2003 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі.
- 2005 жылы Қазақстан педагогика ғылым академиясының академигі.
Марапаттары
- 1970 жылы «Қажырлы еңбегі үшін Лениннің туғанына 100 жыл» құрмет белгісі (медалі)
- 1971 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасы
- 1977 жылы КСРО министрлер кабениетінің құрмет грамотасы
- 1980 жылы КСРО ғылым министрлігінің құрмет грамотасы
- 1981 жылы КСРОның «Құрмет белгісі» ордені
- 1984 жылы Манғолияның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (құрметті атағы)
- 1996 жылы .Қазақстанға Еңбегі сіңген ғылым қайраткері (құрметті атағы)
- 1998 жылы Астана медалі
- 2000 жылы Ұлыбританияның жыл адамы сыйлығы
- 2001 жылы жылы Қазақстан Білім Беру ісінің Құрметті қызыметкері (құрметті атағы)
- 2001 жылы «Ғылым және білім беру саласындағы 21 ғасырдың 500 қалаушылардың бірі.» Ұлыбритания сыйлығы
- ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі»
- 2008 жылы президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік награда «Парасат ордені» мен марапатталды.
Әдебиеттер
Әдебиеттер: Есеп жұмыстарын механикаландыру, А., 1971; Организация и методология бухгалтерского учета в условиях АСУ, М., 1983; Менеджмент, А., 1998; Научно-технический прогресс и занятость: современные мировые тенденции, А., 1998; Методы научных исследований в экономике, А., 1999; Международные экономические отношения, А., 2001.
Дереккөздер
Сілтемелер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Көпжасар Нәрібайұлы Нәрібаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}