Көлдену

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Өзен Көлдену, Көлденең – Алакөл алабындағы өзен.

Географиялық орны

Абай облысы Мақаншы ауданы жерімен ағады.

Бастауы

Бастауын Тарбағатай жотасындағы Бастау тауының оңтүстік беткейінен алып, Жантезек өзенінің оң жағынан құяды.

Гидрологиясы

Ұзындығы 28 км, су жиналатын алабы 131 км2. Жоғарғы ағысындағы арнасы тар, жартасты, төменгі ағысы сайлы-жыралы келген. Өзен аңғары мал жайылымына пайдаланылады.<ref> АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>‎

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер