Жантезек
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Өзен Жантезек, Қаработа, Сабаз – Алакөл алабындағы өзен.
Географиялық орны
Абай облысы Мақаншы ауданы жерімен ағады.
Бастауы
Тарбағатай тауының орта бөлігіндегі Сұлужотаның оңтүстік беткейінен басталып, Бақты ауылынан 25 км-дей төменде Еміл өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Ұзындығы 64 км, су жиналатын алабы 1220 км2. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Суы егін, бау-бақша суғаруға пайдаланылады.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>