Көлбай Төгісов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Көлбай Төгісов (1879, бұрынғы Семей облысы Зайсан уезді Шорға болысы – 1919, Омбы) – қоғам қайраткері, журналист, драматург.
Өмірбаяны
1896 ж. Зайсандағы ауыл шаруашылық мектебін бітірген. Орыс тіліне жетік болғандықтан отарлық билік орындарының ұйғарымымен Зайсан уезінің бітімгерлік сотының тілмашы болып қызмет етті. Бірінші орыс революциясы тұсында Ә.Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Ж.Ақпаев секілді қайраткерлермен бірге патша өкіметінің жүргізіп отырған отарлық саясатына қарсы шықты. Қарқаралы хұзырхатын әзірлеуге қатысты. 1906 ж. “Семипалатинский листок” газетінде патша өкіметінің қазақ халқына жасап жатқан қысымшылықтары жайлы мақалалар жариялады. Қазақ жеріне земство енгізу қажеттігін жақтады.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>
1909 ж. патша өкіметінің ұйғарымына орай “халықты бүлікке үндеуші” ретінде тұтқынға алынып, 1912 жылға дейін түрмеде отырды. Абақтыдан босағаннан кейін Семей өңірінде үш жыл мерзім аралығында тұру құқығынан айрылып, Қапалға жер аударылды. Ол Қапалда жүріп, “Айқап” журналында қазақ халқы арасындағы халық ағарту ісінің ахуалы жайлы мақалаларын жариялады. “Мамания” мектебін ашқан азаматтармен және онда дәріс берушілермен тығыз қарым-қатынаста болды. 1915 ж. “Надандық құрбаны” атты пьеса жазды. Оның бұл пьесасы Уфа қаласында басылып шықты. 1916 ж. Ташкентке келіп, сонда “Алаш” газетін шығаруды қолға алды.
Ақпан революциясынан кейін жергілікті халықтың саяси белсенділігін арттыру бағытында өткізілген іс-шараларға қызу ат салысты. Ташкентте құрылған “Шура и ислам” ұйымына мүше болып кіріп, Қазалыда осы ұйымның бөлімшесін ашуға қатысты. 1917 ж. мамырда Мәскеуде өткен бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне мүше болып сайланды. Осы жылы жазда Зайсан у-не оралып, онда қазақ еңбекшілерінің съезін өткізуді ұйымдастырды. М.Әйтпеновпен бірге Омбыда “Үш жүз” партиясын құруға басшылық етті. Осы партияның атынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. “Алаш” партиясына қарсы үгіт жүргізіп, кеңестік билікпен ымыраға келді. 1918 ж. 21 сәуірде В.И. Ленин мен И.В. Сталинге кеңестік билікті қолдайтындығы жөнінде жеделхат жолдады. 1919 ж. наурызда Омбыда А.В. Колчак үстемдігі орнаған кезде абақтыға жабылып, сонда қаза тапты.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}