Көкшетау прибор жасау зауыты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көкшетау прибор жасау зауыты – байырғы машина жасау кәсіпорны (19742001). Көкшетау қаласында орналасқан. Бұл зауыт Көкшетау механикалық зауыты (1917) негізінде құрылған. Ауыл-шаруашылығына арналған қосалқы бөлшектер, су арматурасын және пеш құймасын шығарды. Соғыс жылдары (19411945) Мәскеу түбінен көшірілген Подольск тігін машиналары зауытымен біріктіріліп, майданға қажетті қорғаныс өнімдерін, тігін машиналарын шығарды. Соғыстан кейінгі жылдары (19461948) тігін және аяқкиім бұйымдарын тігетін жабдықтар шығарды. 1948 жылдан таразы аспаптарын шығаруға мамандандырылып, 1951 жылға дейін таразы шығарды, 1953 жылы таразыға қажетті циферблатты көрсеткіштерді жасауды игерді. 1974 жылы прибор жасау зауытына айналдырылды. Зауыт циферблатты және шкалалы сан алуан таразылар (автомобиль, вагон, т.б. өлшейтін), көрсеткіштер, параметрлердің тербелісін өлшейтін аспаптар, сондай-ақ халық тұтынатын тауарлар: конькилер, тұрмыстық таразылар, машиналардың диагностикасын және балансирлік тербелісін талдауға арналған прибор түрлерін шығарады. Зауыттың мәдениет үйі, стадионы, пионер лагері, балалар бақшасы, қосалқы шаруашылықтары болды.<ref>[[Қазақ энциклопедиясы|"Қазақ энциклопедиясы"]] , 5 том</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Көкшетау прибор жасау зауыты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}