Көкек жанаргүлі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Көкек жанаргүлі (Үлгі:Lang-la) - қалампыр тұқымдасына жататын көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

Сипаты

  • Биіктігі 90 см-ге жуық.
  • Сабағын төмен қараған қысқа түк басқан.
  • Сопақша келген жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, екі жағында да аздаған түктері бар.
  • Гүлдері қызыл, бұтақтарының ұштарында сыпырғы сықылданып шоғырланып тұрады. Гүл сабақтары қысқа, тостағаншасы қоңырау секілді, үстіңгі жағында үш бұрышты өткір тістері бар.

Маусым-шілде айларында гүлдейді. Ылғалды жерлерде, батпақтардың шеттерінде, орман ішіндегі алаңдарда, жоңышқалы шабындықтардың арасында кездеседі.

Емдік қасиеті

Дәрілік мақсат үшін көкек жанаргүлінің жер үстіндегі бөлігін пайдаланады.

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі

  • Ішуге: өсімдіктің 20 грамын 200 мл қайнап тұрған суға салып, 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді.
  • Дененің сыртына жағуға да осындай тұнба жасайды, ол үшін өсімдіктің 10 грамын ғана алады.
  • Спиртті тұнба: 25 грамм өсімдікті 10 мл спиртке салып, 8-10 күн тұндырады да, күніне 20-40 тамшыдан 3 рет ішеді.<ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Тағы қараңыз