Компресс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Компресс (лат. compressus -сығымдалған)<ref>Краткая медицинская энциклопедия, 2-том. Москва - 1990. ISBN 5-85270-056-8</ref> - көпқабатты емдік таңғыш.

Компресс түрлері

  • Құрғақ компресс.
    • Стерилденген дәкені бірнеше қабаттап бүктеп, үстіне мақта салып, бинтпен ұстатады, содан соң оны зақымданған жерге, күйікке, жараға жапсырады.
  • Қыздырғыш компресс.
    • Компресті қою барысы:
      • бірнеше қабаттап бүктелген дәкені немесе матаны бөлме температурасындағы суға малып, жақсылап сығады да ауру жерге басады;
      • матаның үстіне оның шетінен 1-2 см асып тұратындай етіп балауыз қағаз жабады;
      • оның үстіне қалың етіп мақта төсейді;
      • сосын компресті орнынан қозғалмайтын, науқастың да мазасын алмайтындай етіп бинтпен таңып тастайды.
    • Қыздырғыш компресс қабынуға қарсы әсер етеді;
    • Қыздырғыш компресті 10-12 сағат ұстайды. Компресс түнге қарай қойылады.
    • Қыздырғыш компрестің әсерін күшейту үшін үстіне грелка қоюға болады, ал матаны сумен емес, жартылай су қосылған арақпен немесе спиртпен дымқылдау керек.
  • Дәрілі компресс.
    • Дәрілі компресс - қыздырғыш компресс сияқты, бірақ оның әсерін күшейту үшін суға дәрігер ұсынған әр түрлі дәрілік препараттар (ас содасы (стақан суға 1 шай қасық), бура сұйығын (стақан суға 1 ас қасық)) қосады.
  • Ыстық компресс.
    • Ыстық компресс ауруды басады, қабынуға қарсы әсер етеді. Оны бұлшық ет, буын т.б.уырғанда белгілі бір жерді қыздыру үшін қояды.
    • Матаны ыстық суға малып (60°-70° температурада), 5-10 минут сайын ауыстырып отырады.
    • Ыстық компресс қою барысы қыздырғыш компресс қойғандағыдай.
  • Суық компресс.
    • Суық компресс дененің бір жерін соғып алғанда, мұрын және басқа жерлер қанағанда алғашқы минуттарында қолданады;
      • дене терісін суытады;
      • соғылған жердің ауырғанын басады;
      • ауырған жерге қан ұюын азайтады.
    • Бірнеше рет қабатталған матаны суық суға малып алып (мұзды су болғаны дұрыс), ауырған жерге 2-3 минут қояды, мұны бірнеше рет қайталаған жөн.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>

Дереккөздер

  • "Шаңырақ" үй-тұрмыс энциклопедиясы. Алматы. 1991. ISBN 5-89800-035-6 (1-й з-д)