Кәкен Хамзаұлы Қамзин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Кәкен Хамзаұлы Қамзин - Филология ғылымдарының докторы, профессор. Прозашы. Жазушы. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Белгілі журналистика теоретигі. 80-ге жуық ғылыми мақала мен 4 көркем прозалық шығарманың авторы. Оның шығармашылығын өзінің уақытында қазақ әдебиетінің классигі Т.М.Мүсірепов, ҚР Мемлекеттік премиясының лауреаты Р. Тоқтаров, белгілі әдебиет сыншысы – С. Әшімбаевтар жоғары бағалаған. Кәкен Хамзаұлының ғылыми ізденістерімен Түркия, Ресей, Ұлыбритания, Германия, Италия, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан ғылыми жұртшылығы таныс.

Өмірбаяны

Кәкен Хамзаұлы Қамзин - 1949 жылы 13 маусымда Алматы облысы, Үйгентас ауданының Қарлығаш ауылында дүниеге келген. Алматыдағы №9 қазақ орта мектеп- интернатын бітірген. Мектепті аяқтаған соң 2 жыл ұжымшарда жұмыс істеді. 1968-1973 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін үздік бітірген. Қазақ мемлекеттік телерадиокомитетінде, «Жазушы» баспасында, «Вечерняя Алма-Ата» газетінде, «Парасат» журналында қызмет істеді, «Қазақ мемлекеті» республикалық газеті бас редакторының бірінші орынбасары міндетін атқарды. 1994 жылдан бері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де жұмыс істейді. 1999 жылы оқытушы- педагог профессор Т. Қожекеевтің жетекшілігімен «Семипалатинские областные ведомости» газетіндегі «Е.П.Михаэлистің журналистік қызметі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2004 ж доцент атағын алды. Өзінің ғылыми қызметін жалғастырып 2010 жылы «Қазақ публицистика жанрының эволюциясы» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғады. Қазір ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің оқытушысы. Филология ғылымының кандидаты, доцент. «Жұлдыздар жылай ма?», «Біздің ауылдың жігіттері», «Тымық түн» атты повестер мен әңгімелер жинағы шыққан. 2002 жылы « Ә.П.Михаэлистің журналистік қызметі» атты монографиясы жарық көрді. Бірқатар туындылары орыс, неміс, қарақалпақ тілдеріне аударылған.

Еңбектері

  1. Е.П. Михаэлистің журналистік қызметі. Оқу құралы.– Алматы: Қазақ университеті. 2002. – 204 б.
  2. Қазақ журналистикасы. Ұжымдық монография, 3 томдық, 1 том. — Алматы: Таймас, 2008.-286-320 бб.
  3. Қазақ көсемсөзі жанрларының кемелдену үдерісі. Монография. – Алматы: Экономика, 2009.- 400 б.
  4. Журналистика негіздері. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 142 б.
  5. Талдамалы журналистика. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 312 бет.
  6. Е.П. Михаэлистің журналистік және әлеуметтік қызметі. Монография. – Алматы: Ұлағат, 2013. – 160 б.
  7. Ақпараттық кеңістіктегі медиа мәтін траекториялары. – Государственная информационная политика в Казахстане: взгляд в будущее. – Алматы: ИП Волкова А.В., 2010. 101-105 бб.
  8. Жанровый ряд современной журналистики // Международная научно-практическая дистанционная конференция «Современная филология: теория и практика», 2-3 шілде 2012, Москва. С. 137-142.
  9. Montage as mental organization of the text //The 2nd International Conference on European Science and Technology,9-10 мамыр 2012, Wiesbaden, Germany.
  10. Mounting localization of reality // XXV International Research and Practice Conference «Problems of modern pedagogics and psychology», 16-21 мамыр 2012, Great Britain.
  11. Жизненное пространство в журналистских текстах. – Мысль, №7, 2012. С. 44-49.
  12. Инновационный расклад на базе солидарного информационного мышления. – Мысль, №8, 2012. С. 61-64.
  13. Природа современных новостных блоков. – Материалы международной научно-практической конференции «Актуальные проблемы исследования истории и процессы развития казахской журналистики», посвященной 100-летию газеты «Қазақ» и 140-летию со дня рождения великого ученого, политического и общественного деятеля, внесшего неоценимый вклад в духовне развите казахской нации, Ахмета Байтурсынова. 1 феврлаля 2013. С.153-157.
  14. Montage as mental organisation of the text. – International Conference on European Science and Technology. Materials of the II InternationalResearch and Practiice conference.Vol.III. мамыр 9-10, 2012. P. 160-165.
  15. Harmonization of journalistic text with remote thinking. – Science, Technology and Higher Education. Materials of the international research and practice conference.Vol.I. Westwood, Canada. желтоқсан 11-12, 2012. P. 351-355.
  16. «Семипалатинские областные ведомости» газеті Абай айналасы туралы. – Абай институтының хабаршысы.№1, 2013. 3 -12 бб

Марапаттары

Айнабұлаққа ма? Айнабұлаққа…( повесть ) шығармасы 2008 жылы «ZER-SU» корпорациясының балаларға арнап жариялаған халықаралық әдеби конкурсының Бас бәйгесін жеңіп алды.

Дереккөздер

<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref> <references/> http://magkaznu.com/ru/bio/%D0%BA%D0%B0%D0%BC%D0%B7%D0%B8%D0%BD-%D0%BA%D0%B0%D0%BA%D0%B5%D0%BD-%D1%85%D0%B0%D0%BC%D0%B7%D0%B0%D0%B5%D0%B2%D0%B8%D1%87/

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}