Күнсұлу Тұрғынбекқызы Шаяхметова
Үлгі:Театр қайраткері Күнсұлу Тұрғынбекқызы Шаяхметова (20 ақпан 1978, Тауағаш ауылы, Есіл ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қазақ КСР) — Қазақ кино, театр және дубляж актрисасы.
Мазмұны
Өмірбаяны
Күнсұлу Тұрғынбекқызы Қазақ КСР, Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданындағы Тауағаш ауылында дүниеге келді.
1995—1999 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр-көркемсурет институтының театр факультетін бітірген.
Академияда оқып жүргенде «Қазақ радиосында» жартылай уақыт диктор болып жұмыс істеп, «Qazaqstan» телеарнасындағы «Таңшолпан» ақпаратты-музыкалық бағдарламасының тележүргізушісі болды.
1999 жылы Ғ. Мүсірепов атындағы Жас көрермендер театрының труппасына қабылданды.
2009 жылдан бастап М. О. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы болып еңбек етіп келеді.
Сахнадағы басты рөлдері
Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
- Ғ. Мүсіреповтің «Қыз Жібек» пьесасында Қарлығаш;
- «Пай-пай, жас жұбайлар» қойылымында Зәуре;
- «Көгілдір такси» қойылымында Мәриям және басқа да рөлдер.
М. О. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры
- М. Әуезовтің «Қилы заман» қойылымында Ана (реж. Ә. Рахимов);
- Т. Нұрмағанбетовтің «Қожанасыр тірі екен» комедиясында Әмина;
- М. Задорновтың «Күйеуіңді сат» комедиясында Елена (реж. О. Кенебаев);
- Д. Исабековтің «Одержимый» қойылымында Балқаш (реж. Е. Обаев);
- С. Асылбекұлының «Империядағы кеш» қойылымында Ұлжалғас Қопбайқызы (реж. А. Кәкішева);
- Н. Гогольдің «Женитьбе» қойылымында Агафья Тихоновна (реж. В. Захаров);
- М. Әуезовтің «Қарагөз» қойылымындағы Кемпір (реж. Б. Атабаев);
- М. Кәрімнің «Ай тұтылған түн» қойылымындағы Таңқабике;
- И. Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?» реквиемінде Әйгерім (реж. О. Кенебаев);
- Ж. Ерғалиевтің «Түсіме өмір кіреді» метафизикалық драмасында Полицей (реж. Е. Нұрсұлтан) және басқа да рөлдер.
Марапаттары
- «Ерен еңбегі үшін» медалі (2025 жыл 20 мамыр) — ұлттық мәдениетті дамыту мен насихаттауға қосқан ерекше үлесі, мәдениет саласындағы көрнекті жетістіктері және Қазақстан Республикасы алдындағы сіңірген еңбегі үшін.<ref>Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды</ref>
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі (2017 жыл 28 қараша).
- Халықаралық театр фестиваліндегі «Ең үздік әйел бейнесі» жүлдесі (2007).
- Ш. Жандарбековаға арналған «Театр көктемі – 2011» және С. Майқановаға арналған «Театр көктемі – 2012» театр фестивальдерінің лауреаты.