Күләш Құнантайқызы Құнантаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым Күләш Құнантайқызы Құнантаева (3 наурыз 1931 жылы, ШҚО, Ұлан ауданы, Шомқора ауылында туған) — ғалым. Қоғам және мемлекет қайраткері. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының және ҚР Педагогика ғылым академиясының құрметті академигі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2000). Қазақстан Білім Беру ісінің Құрметті қызыметкері.

Толығырақ

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты (1952, қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті) бітірген. Орта мектепте мұғалім (1952–54), Алматы облысы жастар одағының хатшысы (1954–59), Қазақ КСР-і ЛКЖО ОК-нің хатшысы (1959–64), Қазақ КСР-і Жоғары және орта білім беру мин-нің орынбасары (1964–67), Алматы шет тілдері институтында (қазіргі Қазақ халықар. қатынастар және әлем тілдері университеті) проректор (1967–68), Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында ректор (1968–84) қызметтерін атқарды. 1984 жылдан осы университетте кафедра меңгерушісі, профессор болып қызмет атқарады. «Развитие женского образования в Казахстане (1920–1975 жж.)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Қазақ КСР-і Жоғ. Кеңесінің 9–10-шақырылымының депутаты.

Ғылыми атақтары

Мемлекеттік марапаттары

  • Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің және КСРО Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
  • КСРОның «Құрмет белгісі» Ордені;
  • КСРОның «Халықтар достығы» Ордені;
  • КСРО көптеген медалдармен марапатталған.
  • 1965 жылы «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі» атағы;
  • 1980 жылы «КСРО Жоғарғы мектебінің үздігі» атағы;
  • 2000 жылы «Жыл адамы» сыйлығы;
  • 2000 жылы ебасының жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Күләш Құнантайқызы Құнантаева|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}