Күзембай Үйсінбаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Тұлға Күзембай Үйсінбаев (8 қаңтар 1953, Маңғыстау облысы, Шевченко ауданы – 14 тамыз 2021, Ақтау) — педагог. Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Үздігі (2002). Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2005). Маңғыстау облысының құрметті азаматы (2008).<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>
Толығырақ
- Күзембай Үйсінбаев 1953 жылы 8 қаңтарда Маңғыстау облысы Шевченко ауданында Кендірлі жерінде дүниеге келген.
- Гурьев педогогикалық иститутын (қазіргі Атырау университеті) бітірген (1979).
- 1971 – 1979 жылдары Куйбышев атындағы мектепте тәрбиеші, бастауыш әскери дайындық пәнінің мұғалімі, комсомол комитетінің хатшысы
- 1979 – 1984 жылдары Маңғыстау ауданы комсомол комитетінің 1-хатшысы, Маңғыстау ауданы мәдениет бөлімінің меңгерушісі
- 1984 – 1990 жылдары кәсіподақ комитетінің төрағасы, ауданы партия комитетінің 2-хатшысы
- 1991 – 1992 жылдары Маңғыстау ауданы кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары
- 1992 – 1999 жылдары Маңғыстау ауданы әкімінің 1-орынбасары
- 1999 – 2005 жылдары Маңғыстау ауданы білім бөлімінің меңгерушісі болды.
- 2006 жылдан бастап Маңғыстау ауданы білім бөлімінің бастығы.
Марапаттары
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасының иегері.
- 2001 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі
- 2002 жылы "Қазақстан Білім беру ісінің үздігі" атағы
- 2005 жылы "Қазақстан конститутциясына 10 жыл" медалі
- 2008 жылы "Астанаға 10 жыл" медалі
- 2008 жылы Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері құрметті атағымен марапатталды.
- 2008 жылы Ерен еңбегі үшін медалі мен марапатталды.
- 2008 жылы Маңғыстаудың құрметті азаматы атағының иегері.
- 2011 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі.