Клизма

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Клизма — Тазарту клизмасын жасау үшін арнайы грелкаға 4—6 стакан (температурасы 25—35°С) су құяды. Су ағызатын түтікте ауа қалып қоймауын қадағалау керек, бұл үшін шүмекті ашып, азырақ суын ағызады. Грелканы 1,5—2 м көтеріп, шегеге іледі. Кереуетке клеенка төсеген жөн. Науқас сол жақ бүйіріне, төсектің Шетіне таман, тізесін бүгіл жатуға тиіс. Түтіктің вазелин жағылған ұшын еппен бұрай итеріл тік ішекке енгізіл, одан кейін шүмекті ашады. Түтіктің ұшын суырып алғаннан кейін науқас бірден дәретке бармай 5—10 минут шыдауға тиіс. Балалар клизмасы үшін әдетте резеңке баллон қолданылады.

Қолданылуы

Судың мөлшері баланың жасына байланысты мынадай болады:

  • 1 айға дейін - 2 ас қасық
  • 1-ден 3 айға дейін - ⅓ Стакан
  • 3-тен 6 айға дейін - ½ стакан
  • 6 айдан .,2 жасқа дейін - 1 стакан
  • 2-ден 5 жасқа дейін - 1,5 стакан
  • 5-тен 9 жасқа дейін - 2 стакан
  • 9-дан 12 жасқа дейін - 2,5 стакан

Клизманы дәрігердің тағайындауы бойынша ғана қойған жөн.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Клизма|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}