Вазелин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Вазелинминералдық май мен қатты көмірсутектердің (парафин, церезин, петролатум) бір текті май тәрізді қоспасы. Вазелинді қатты көмірсутектерді (15 — 20%) балқытып немесе олардың минералдық майлардағы қоспасынан алады, оны күкірт қышқылымен және ағартқыш сазбен тазартады. Балқу t 50 — 65°С. Қолданылуына қарай медициналық, технологиялық, конденсаторлық болып бөлінеді. Вазелин медицинада, металдарды коррозиядан қорғауда, электротехникалық өнеркәсіпте, т.б. кеңінен қолданылады.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Commonscat <references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Medsci-stub