Кеңес жазушыларының бүкілодақтық екінші съезі.

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кеңес жазушыларының бүкілодақтық екінші съезі. 1954 ж. 15-26 желтоқсан аралығында Мәскеу қаласында өтті. Бірінші күнгі мәжіліс Кремльдің Үлкен сарайында ашылды. Кейінгі күндердегі жұмысы Одақтар үйінің Бағанды залында жүргізілді. Онда жазушылардың 1934 ж. Одақ көлеміндегі I-съезінен кейінгі 20 жыл ішіңдегі көп ұлтты кеңес әдебиетінің өсу жолы жан-жакты талқыланды. Съезде өзге мәселелермен қатар «КСРО халықтары әдебиеттерінің көркем аудармалары» деген мәселе қаралды. Бұл жөніндегі қосымша баяндаманы П.Антокольский, Әуезов, М. Рыльский үшеуі бірігіп жасады. Соның прозалық аудармалар туралы бөлімін Әуезов әзірлеген («М. О. Әуезовтің өмірі мен шығармашылық шежіресі». А., 1997, 497-бет). Көркем шығармашылықтың бұл күрделі саласындағы бірлескен баяндамашылардың қорытынды қағидалары мен түйіңді тұжырымдары негізінен көп ұлтты кеңес халықтары әдебиеттерінің таңдаулы үлгілерін орыс тіліне аудару тәжірибесін карастырып, жинақтау нәтижесінде жасалды. Баяндамашылар аударма өнерінің жалпы эстетикада ақ таңдақ күйінде калып келгендігіне, оны зерттегенде лингвистикалық тұрғыдан гөрі әдебиеттану ғылымының тұрғысынан келу қажеттігіне, мұның өзі үлкен танымдық мәні бар шынайы шығармашылық қызмет екендігіне назар аударды. Кейбір зерттеушілердің бір тілден екінші тілге аудару ықтималдығы шектеулі дейтін көзқарасының теріс екендігі ескертілді. Мұның өзі сайып келгенде, шеберлік мәселесіне келіп тірелетіні баса көрсетілді. Одақ көлемінде көркем аударманың сапа көрсеткіштеріне салқынын тигізіп, деңгейін төмендетіп отырған елеулі келеңсіздік - олардың басым көпшілігінің ұлт тілдерінен орыс тіліне жолма-жол аударма арқылы тәржімалан атындығы. Бұл кемшілікті жою үшін орталықтағы бірыңғай аударма ісімен шұғылданып жүрген мамандардың ұлт тілдерін игеруі қажет. Онсыз әсіресе поэзия сапасындағы аудармаларда ұлттық ерекшеліктерді, ұлт ақындарының өзіндік қолтаңбасын еркін жеткізу мүмкін емес. Осы орайда қосымша баяндамада түпнұсқа тілін меңгеру аударма өнерін меңгерудің басты шарты ретінде ұсынылды. Қорыта айтқанда, жазушылардын, бүкілодақтық мінберінен көтерілген көркем аудармалык көкейтесті проблемалары әдеби шығармашылықтың бұл маңызды саласын дамытуда белгілі бір асулы кезең болды. Онда ұсынылған қағидалар мен тұжырымдардың басым көпшілігі әлі де өз маңызын жоймай отырғандығы - осының айқын дәлелі. Бұған ұжымдық баяндамашылардың бірі, аударма өнерінің мол тәжірибесін шеккен ұлы суреткер Әуезовтің қосқан үлесі де бар.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кеңес жазушыларының бүкілодақтық екінші съезі.|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}