Кеңесжан Шалқарұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кеңесжан Шалқарұлы (12.4.1939 жылы туған, Шығыс Түркістан, Тарбағатай аймағы, Еміл өзені) - ақын.

Гимназияны бітіргеннен кейін Қытай Халық Республикасында солақай саясаттың қысымымен Шыңжаң университеті мен Шыңжаң институтын бітіре алмай кетті. Ол оқуын Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтында жалғастырып, оның қазақ тілі мен әдебиеті факультетін 1965 жылы тәмамдады. Алматыда "Қазақ әдебиеті" газетінің арнайы шақыруымен қалып, академик Хажым Жұмалиевтің аспирантурасында оқыды. Ол "Ғылым", "Қайнар", "Қазақстан" баспаларында редактор, аға редактор болып, 25 жылдай жұмыс істеді.

Ғылым академиясында, радиотеледидарда, "Жетісу" газетінде тілші, аға тілші, бөлім меңгеруші болып қызмет көрсетті.

Жетістіктері

Республикалық тұңғыш телефестивалының (1966), 1994 жылы Мағжан Жұмабаевқа арналған, 2003 жылы Дулат Бабатайұлына арналған, осы жылы Нәзір Төрекұловқа арналған жыр мүшәйраларының жүлдегері.

1996 жылы Хазірет Бибі Фатима конкурсының жеңімпазы атанып, Иран Ислам Республикасының сыйлығына не болған.

Халықаралық Жамбыл атындағы және Қазақстан Журналистер Одағы сыйлықтарының лауреаты (1996).

Шығармалары

1997 жылдан зейнеткер. Шалғарұлының "Шуақ" (1967), "Сәске сыры" (1972), "Ақсапар" (1975), "Ақ көбелек" (1976), "Шарапат" (1980), "Айнагүл" (1984) өлең жинақтары шықты. Ол Мұстай Кәрім, Д.Кугультинов, Г.Абашидзе, Низами, Елхани және моңғол, өзбек, ұйғыр ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Өлеңдері орыс, моңғол, өзбек, латыш, эстон, Әзірбайжан тілдеріне аударылған. 30-дай күй, 45-тей әннің авторы.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Кеңесжан Шалқарұлы "Зауал заман" атты дилогиясы мен "Сүмбеден ұшқан сұңқар", "Қолтырауын құлқыны", "Жалқынжал", "Қара қасқыр" т.б. хикаяттары мен "Шақантай батыр", "Қарасай батыр", "Ел ұраны", "Мұқағали мұқамы", "Қара жер", "Нұх және наурыз" сияқты жиырма дастаны, сексендей ән мен күйлері бар. Оның бір шамасы қазақ радиосы мен телеарнасында жазулы.<ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім баспасы". 2005 ж. - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}